Теміржан Базарбаев (13.3. 1935 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Жалғызағаш ауылы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1982).
Алматы консерваториясын бітірген (1961). Семей қаласындағы Музыка колледжінде сабақ береді. Қазақстан композиторлар одағының Ертіс бойы бөлімшесін басқарды (1979—1982).
Композитордың халық арасына кең тараған “Қаздар қайтқанда”, “Студенттік кештер”, “Ауылым”, т.б. әндерімен қатар 1, 2-симфониясы, “Ботагөз”, “Жетісу” симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арналған концерті, ұлт аспаптар оркестріне арналған “Отан таңы”, “Қалың елім, қазағым” поэмалары, т.б. камералық-аспаптық, эстрадалық шығармалары, спектакльдерге жазған музыкалық шығармалары бар.
- 1935 жылы туғандар
- Алматы облысында туғандар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақстан өнер қайраткерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері