| Теренс Тао | |
| Terence Chi-Shen Tao (陶哲軒) | |
| Туған күні | 17 шілде 1975 (51 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Аделаида, Оңтүстік Аустралия, Аустралия |
| Азаматтығы |
|
| Жұбайы | Лаура Тао |
| Балалары | 2 |
| Ғылыми аясы | Гармониялық талдау |
| Жұмыс орны | Калифорния университеті, Лос-Анжелес (UCLA) |
| Ғылыми дәрежесі | PhD (1996) |
| Ғылыми атағы | Профессор |
| Альма-матер | Флиндерс университеті, Принстон университеті |
| Ғылыми жетекші | Элиас Стейн |
| Атақты шәкірттері | Моника Вишан |
| Несімен белгілі | Грин-Тао теоремасы |
| Марапаттары |
|
| Сайты | |
Теренс Тао Ортаққорда | |
Теренс Тао (қыт. 陶哲軒, ағылш. Terence Chi-Shen Tao; 17 шілде 1975, Аделаида, Оңтүстік Аустралия, Аустралия) — негізінен гармониялық талдау, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, комбинаторика, сандар теориясы және бейнелеу теориясы салаларында жұмыс істейтін қытай текті аустралиялық-америкалық математик.
Оның ең танымал жұмысы — британдық математик Бен Гринмен бірлесіп дәлелдеген жай сандардың кез келген ұзындықтағы арифметикалық прогрессияларының болуы туралы тұжырымдама (Грин — Тао теоремасы).
Философия докторы (1996), 1999 жылдан бастап Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің математика профессоры. 2007 жылдың 18 мамырынан бастап Лондон корольдік қоғамының мүшесі. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (2008), Америка философиялық қоғамының мүшесі (2012) және Аустралия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
Филдс медалінің (2006) және ғылым саласындағы Халықаралық Патша Фейсал сыйлығының (2010) лауреаты. Тао жұмысының өзіне тән ерекшелігі — көптеген математиктермен өте қарқынды ұжымдық жұмыс істеуі, қазіргі заманғы математиканың ең алуан түрлі бөлімдеріне бір мезгілде терең бойлауы және өзі жүргізетін блогы арқылы ғылымды белсенді насихаттауы.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 17 шілдеде туғандар
- 1975 жылы туғандар
- Аделаидада туғандар
- АҚШ математиктері
- Аустралия математиктері
- Филдс марапаты иегерлері
- Принстон университеті түлектері
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері
- Фулбрайт стипендиясы иегерлері
- Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері
- Сандар теориясы математиктері