Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Теңіз ауданы — 1977-1988, 1990-1997 жылдары Целиноград, кейіннен Қарағанды облысы құрамында болған аудан.

Теңіз ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Теңіз ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Целиноград облысы, Қарағанды облысы

Енеді

7 ауылдық округ, 1 кент

Әкімшілік орталығы

Баршын

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

15 ақпан 1977 жыл

Таратылған уақыты

23 мамыр 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

3 105 адам (2009)

Теңіз ауданы, карта

Теңіз ауданы — 1977-1988, 1990-1997 жылдары Целиноград, кейіннен Қарағанды облысы құрамында болған аудан.

Тарихы

1977 жылы 15 ақпанда Целиноград облысы Қорғалжын ауданындағы 7 ауылдық кеңестің (Аршаты, Баршын, XXII партсъезд, Қызылсай, Сарыөзен, Соналы, Талдысай) негізінде құрылды. Орталығы Баршын ауылы болды.

1982 жылы 28 қаңтарда Қызылсай ауылдық кеңесі Қорғалжын ауданына қайтарылды.

1982 жылы 11 қарашада Баршын ауылдық кеңесі Отарбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырымдай жерде пайда болған елді мекенге Құланөтпес атауы берілді. Ал 31 желтоқсанда орталығы Құланөтпес ауылында орналасқан Құланөтпес ауылдық кеңесі құрылды.

1985 жылы 18 шілдеде Шұбаркөл көмір кенішінің игерілуіне байланысты аудан Қарағанды облысына берілді.

1988 жылы 20 шілдеде аудан таратылды. Аршаты, Сарыөзен, Соналы, Талдысай ауылдық кеңестері Нұра ауданына, Баршын, XXII партсъезд, Құланөтпес ауылдық кеңестері Целиноград облысы Қорғалжын ауданына берілді.

1990 жылы 13 қыркүйекте Теңіз ауданы бұрынғы аумағында қайтадан ашылды. Құрамында 7 ауылдық кеңес (7 кеңшар) болды.

1992 жылы 21 ақпанда «Шұбаркөл» көмір кеніші жанындағы елді мекен жұмысшы кенті санатына жатқызылып, Шұбаркөл атауы берілді.

1992 жылы 24 қыркүйекте XХII партсъезд атындағы ауылдық кеңес Қарақойын ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1997 жылы 23 мамырда қайтадан таратылып, жері тұтастай Нұра ауданына қосылды.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 7 ауылдық кеңес пен 23 елді мекен болған:

Ауылдық кеңесОрталығыЕлді мекендері
Аршаты ауылдық кеңесіҚарақасқа ауылыҚали, Қарақасқа, Үшқағыл
Баршын ауылдық кеңесіБаршын ауылыБаршын, Бестамақ
Құланөтпес ауылдық кеңесіҚұланөтпес ауылыАқтүбек, Құланөтпес, Нығман, Отарбай
Сарыөзен ауылдық кеңесіТікенекті ауылыБаянбай, Бірлік, Жүкей, Тікенекті
Соналы ауылдық кеңесіСоналы ауылыБаянбай, Қазықұрт, Қосарал, Соналы
Талдысай ауылдық кеңесіТалдысай ауылыҚылыш, Талдысай, Шөптікөл
XXII партсъезд ауылдық кеңесіЖанбөбек ауылыАққолқа, Жанбөбек, Керей

Халқы

1979
 12378
Жоғары