| Третьяков галереясы – орыс бейнелеу өнерінің Мәскеу қаласындағы аса ірі мемлекеттік мұражайы. Оның негізін белгілі көпес-меценат Павел Михайлович Третьяков (1832 – 1898 жылдары) қалаған. ТарихыПавел Михайлович Третьяков 1856 жылдан бейнелеу өнері туындыларын жинаумен айналысып, соның нәтижесінде 1892 жылы інісі Сергей Михайлович Третьяков (1834 – 1892 жылдары) екеуі өздерінің жинаған жекеменшік картиналар қорын қоғам игілігі үшін сый ретінде Мәскеу галереясына өткізді. 1918 жылдан мұражай Павел және Сергей Третьяковтар атындағы Мәскеу қалалық көркемсурет галереясы деп аталды. Сол жылы 3 маусымнан Третьяков галереясы мемлекет меншігіне көшіріліп, қазіргі атына ие болды. Бұдан кейінгі жылдары да Третьяков галереясының коллекциясы жеке қорлар мен басқа мұражайлардағы бейнелеу өнерінің ең үздік туындыларымен үнемі молайтылып отырылды.
Галерея қорыТретьяков галереясы қорында орыстың II – XVII ғасырлардағы иконалары, XVIII – XXI ғасырлардың аралығындағы кескіндемелік және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері өнері шығармалары, орыс графикасы мен мүсін өнері туындылары жинақталған. Третьяков галереясының қоры кейінгі кезеңде де мемлекет тарапынан арнайы бөлінген қаржымен бейнелеу өнері туындыларын сатып алу арқылы толықтырылып отырды. Галерея қорында 150 мың дана экспонат (2006 жылы) сақтаулы. Жанында өңдеу шеберханасы, мұрағат, кітапхана жұмыс істейді. Ғылыми-зертханалық және насихат жұмыстары жүргізіледі. Көрмелер
| ![]() ( суретші: Илья Ефимович Репин)
|
Третьяков галереясының жетекшілері
- 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін – Зельфира Исмаиловна Трегулова.
- 2009-2015 жылдары – Ирина Владимировна Лебедева
- 1993-2009 жылдары – Валентин Алексеевич Родионов
- 1980-1992 жылдары Юрий Константинович Королев
- Ресей мұражайлары
