Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рахмет Өтесінұлы Өтесінов (15 қаңтар 1927 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау - 8 қаңтар 2011 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, жазушы, КСРО Мұнай өнер кә

Рахмет Өтесінов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Рахмет Өтесінұлы Өтесінов
Туған күні

15 қаңтар 1927 (1927-01-15)

Туған жері

Қарабау, Қызылқоға ауданы, Гурьев облысы

Қайтыс болған күні

8 қаңтар 2011 (2011-01-08)(83 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 Қазақстан
 КСРО (1927-1991)

Ұлты

қазақ

Қызметі

мұнайшы
жазушы
қоғам қайраткері

Әкесі

Өтесін

Марапаттары мен сыйлықтары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
Знак ПочетаЕңбек Қызыл Туы орденіЛенин 100 жылЕңбек ардагері медалі

Рахмет Өтесінұлы Өтесінов (15 қаңтар 1927 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау - 8 қаңтар 2011 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, жазушы, КСРО Мұнай өнер кәсібінің Құрметті мұайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы. Ақтау қаласының және Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.

Өмірбаяны

Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан. Мәскеудегі мұнай институтын бітірген (1951).

1951 – 1959 жж. Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде мастер, цех бастығы, бас инженер, директоры болды.

1959 – 1961 ж. Жылыой аудандық партия комитетінің 1-хатшысы жұмысын атқарды.

1961 – 1962 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі болды.

1962 – 1963 ж. Қандыағаш аймақтық өндірістік партия комитетінің хатшысы жұмысын атқарды.

1963 – 1964 ж. «Маңғыстаумұнайбарлау» тресінің партком хатшысы болды.

1964 – 1970 ж. «Өзен мұнай өндіру» басқармасының бастығы болды.

Шығармалары

1970 жылдардан бастап әдеби шығармашылықпен айналыса бастады.

«Ожившая река» (1974), «Айтылмаған ән» (1978), «Алыптың ашылуы» (1982), «Даладағы алау» (1983), «Песчаная коса» (1989), «Пасмурные дни» (1997), «Жолдар мен жолдастар» (2002), «Соңғы аялдама» (2005) кітаптарының авторы.

Марапаттары

  • КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
  • КСРОның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған.
  • 1962 жылы «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы;
  • «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы» құрметті атағы;
  • «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  • ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.
  • ҚР «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері.
  • Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді.
  • «Еңбек ардагері» құрметті медалінің иегері.

Қызықты ақпарат

  • Өтесінов «Сынақ» телефильмінің бас кейіпкері болып саналады.
Жоғары