Тулун әулеті – Мысырды 868 – 905 жылы билеген түркі текті әулеттің негізін қалаушы Бағдат халифатын билеген Аббас әулетінің Египетке жіберген өкілі – Ахмед ибн Тулун болды. Ол 868 – 84 жылы Мысырды билеп, елді Бағдат халифатынан бөліп алды. Тулун әулеті тұсында Мысыр тәуелсіз мемлекетке айналып, өзіне Сирияны бағындырды. Тулун әулетінен шыққан билеушілер салықты жеңілдету арқылы Мысыр халқының қолдауына ие болды әрі ел экономикасының көтерілуіне ықпал етті. Астанасы қазіргі Каир қаласына таяу жерде орналасқан Катай қаласы болды. Дегенмен, 903 жылы Арабия түбегінен келген карматтардан күйрей жеңілген Тулун әулеті 905 жылы Аббас әулетіне қайтадан бағынуға мәжбүр болды.

- 905 жылы таратылғандар
- 868 жылы құрылғандар
- Ислам тарихы
- Мұсылман әулеттері
- Түркі әулеттері
- Мысыр тарихы