Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тәжік әліпбиі (тәж. алифбои тоҷикӣ, alifboi toçikī, اﻟﻔﺒﺎی تاجیکی) — тәжік тілін жазып алуға қолданылатын жазу жүйесі. Бүкіл тарихы бойы тәжік тілі үш түрлі әлі

Тәжік әліпбиі

  • Басты бет
  • Тәжік әліпбиі

Тәжік әліпбиі (тәж. алифбои тоҷикӣ, alifboi toçikī, اﻟﻔﺒﺎی تاجیکی) — тәжік тілін жазып алуға қолданылатын жазу жүйесі. Бүкіл тарихы бойы тәжік тілі үш түрлі әліпбимен жазылған: парсы жазуына негізделген жазуы, Латын жазуына негізделген кеңестік әліпбиі және қазіргі күнге дейін қолданыстағы кириллицасы.

Тәжік АКСРдың елтаңбасында (1929–1931) тәжік тілінің тұңғыш екі әліпбиін байқауға болады: араб және латын жазуы

Мазмұны

Араб жазуы

Парсы тілі жазуының өзгертілген нұсқасы жылдары тәжік тілін жазып алу үшін қолданылатын.

Парсы жазуындағы тәжік тілі
ذ د خ ح چ ج ث ت پ ب ا
/z/ /d/ /χ/ /h/ /tʃ/ /dʒ/ /s/ /t/ /p/ /b/ /ɔː/
غ ع ظ ط ض ص ش س ژ ز ر
/ʁ/ /ʔ/ /z/ /t/ /z/ /s/ /ʃ/ /s/ /ʒ/ /z/ /ɾ/
ی ه و ن م ل گ ک ف ق
/j/ /h/ /v/ /n/ /m/ /l/ /ɡ/ /k/ /f/ /q/

Латын жазуы

 
«Коммунисти Исфара» газетінің бұл беттері тәжік латиницасында жазылған, 15 мамыр 1936

Латын графикасы 1917 жылғы Ресей төңкерісінен кейін халықтың сауаттылығын арттыру және тілді ислам ықпалынан алыстату мақсатында енгізілді.

Тәжік латиницасы
A a B b C c Ç ç D d E e F f G g Ƣ ƣ H h I i Ī ī
/a/ /b/ /tʃ/ /dʒ/ /d/ /e/ /f/ /ɡ/ /ʁ/ /h/ /i/ /ˈi/
J j/Y y K k L l M m N n O o P p Q q R r S s Ş ş T t
/j/ /k/ /l/ /m/ /n/ /ɔ/ /p/ /q/ /ɾ/ /s/ /ʃ/ /t/
U u Ū ū V v X x Z z Ƶ ƶ '
/u/ /ɵ/ /v/ /χ/ /z/ /ʒ/ /ʔ/

Ерекше Ƣ таңбасы Ға деп аталады және /ɣ/ фонемасын білдіреді. Бұл әріп 1930 жылдардың соңына дейін Кеңес Одағының славян емес тілдерінің көпшілігі жазылған ортақ түркі әліпбиі Жаңәліпте кездеседі.

Латын әліпбиі бүгінде кеңінен қолданылмайды, бірақ оны қабылдауды кейбір топтар жақтайды.

Кириллица

 
«Насими Исфара» газетінің беттері. Үстіндегі жазуы тәжік кириллицасының мысалы бола алады

1940 жылы КСРО үкіметі тәжік тілінің латиницасын кириллицаға ауыстырды. 1952 жылғы реформа нәтижесінде щ және ы әріпі қосылды, олар тек кірме сөздерде қолданылады.

Кирил тәжік тілі
А а Б б В в Г г Ғ ғ Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Ӣ ӣ
/a/ /b/ /v/ /ɡ/ /ɣ/ /d/ /e/ /jɔ/ /ʒ/ /z/ /i/ /ˈi/
Й й К к Қ қ Л л М м Н н О о П п Р р С с Т т У у
/j/ /k/ /q/ /l/ /m/ /n/ /ɔ/ /p/ /ɾ/ /s/ /t/ /u/
Ӯ ӯ Ф ф Х х Ҳ ҳ Ч ч Ҷ ҷ Ш ш Ъ ъ Э э Ю ю Я я
/ʁ/ /f/ /χ/ /h/ /tʃ/ /dʒ/ /ʃ/ /ʔ/ /e/ /ju/ /ja/

1998 жылғы ресми реформада бұл әріптер жойылғанына қарамастан кірме сөздерде тағы ц, щ и ы әріптерін табуға болады. 2010 жылы тағы е, ё, ю, я әріптерінен айырылу ұсыныстары болған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Үржар ауданы

  • Сәуір 14, 2026

    Оңтүстік мұхит

  • Сәуір 11, 2026

    Темір әулеті

  • Наурыз 21, 2026

    Компьютер

  • Сәуір 02, 2026

    Орда-Ежен ұлысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары