Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Төреғали Төреәлі 1992 жылдың 14 қазан күні, Байқоңыр қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Ю. Гагарин атындағы 8-мектеп бітірген.

Төреғали Төреəліұлы

  • Басты бет
  • Төреғали Төреəліұлы

Төреғали Төреәліұлы Әлиханов (14 қазан 1992 жыл, Байқоңыр) — қазақстандық тинпоп жанрының әншісі.

Төреғали Төреәліұлы Әлиханов
Туған күні

14 қазан 1992 (1992-10-14)(33 жас)

Туған жері

Байқоңыр, Қызылорда облысы, Қазақстан

Белсенділік жылдары

2010—қазіргі күн

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

әнші, актёр

Жанрлары

той-поп, рэп

Лақап аттары

Төреғали Төреәлі
«Ұлы дала баласы»

Мазмұны

Өмірбаяны

Төреғали Төреәлі 1992 жылдың 14 қазан күні, Байқоңыр қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Ю. Гагарин атындағы 8-мектеп бітірген.

Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011).

Төреғали Төреәлі мансабын айтыстарға қатысып бастаған. Айтысқа қатысуының басталғанына 4 жыл өткенде республикалық айтыстарда 4 темір тұлпар мінген.

Эстрадаға көшкені досы Қайнар Алагөзовтің сөзіне жазылған сазгер Шымберген Сүлейменовтің "Іздеме" әнінен бастаған. Мансабында кейінірек орындаған әндердің үлкен бөлігі де Қайнар Алагөзов жазған әндер екені белгілі.

Жеке өмірі

Төреғали Төреәлінің продюсері — әкесі Төреәлі Төлепов. Анасы Аягөз Төлепова — орыс тілі пәнінің ұстазы. Төреәліұлының Фариза және Дина есімді екі қарындасы бар.

Төреғали Төреәлі үйленген, екі қыздың әкесі болып келеді.

Сын

«Алло» әні жайлы дау

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханмен бірге орындаған «Алло» әні екі әншінің танымалдылығына үлкен әсер етті.

Төреғали Төреәліұлының әкесі, әрі продюсері Төреәлі Төлепов Ерке Есмахан жайлы сыни пікір айтты:

« Ерке Есмахан Төреғалидің арқасында танылды, қанша жыл сахнада жүрсе де, бұған дейін оны ешкім білмеді. »

Төлеповтің осы даулы пікірі үшін Есмаханның сол кездегі продюсері Баян Мақсатқызы «Алло» әнінің фильм түріндегі жалғасын жасау жайлы жоспарларын бұзды, Есмаханға әнді орындауға тыйым салынды.

Павлодардағы концерті

2017 жылдың 21 желтоқсан күні Төреәлінің Павлодардағы концерті кезінде «Ұнамай ма? Шығып кетіңіз» деген қарияға айтылған дөрекі сөзі үшін сынға алынды.

Павлодар облысының билігі Төреәліні концерттерге шақырудан бас тартатынын айтқан және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған қатысты шара қолданылатынын айтып кеткен, және Төреғалиді ісі үшін сынға алды.

2023 жылы сотталуы

2023 жылдың маусымында Төреғали Төреәліұлының есірткіге мас күйінде көлік жүргізуі және оның полициямен тоқтатылуы көрсетілген видео қоғам назарына түсті. Әншінің адвокаттары оның мас күйінде болғанын мойындамады, тек оның жол ережесін бұзғанын мойындады.

Инцидент нәтижесінде 14 маусым күні Төреғали Төреәлі қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.

15 маусым күні Төреәлінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева өзінің Instagram парақшасында әншінің ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

16 маусым күні Төреәлінің 20 тәулік бойы изоляторда қамалуы және оған қарсы «билік өкілін қорлау (378-бап) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша» қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Каспий теңізі

  • Наурыз 21, 2026

    Алюминий

  • Сәуір 28, 2026

    Имантау (тау)

  • Сәуір 14, 2026

    Бремен (жер)

  • Сәуір 14, 2026

    Феодалдық мемлекет

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары