| Усман Дембеле | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 15 мамыр 1997 (29 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Вернон, Франция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 178 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 67 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 7 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Усман Дембеле (фр. Ousmane Dembélé; 15 мамыр, 1997, Вернон, Франция) — франциялық футболшы, Франция ұлттық құрамасының және Пари Сен-Жермен клубының шабуылшысы. 2018 жылғы әлем чемпионы. 2025 жылғы Алтын доп иегері.
Клубтық мансабы
2015 жылы 1 қазанда кәсіби мансабындағы алғашқы келісім шартын жасады, яғни ол 2010 жылдан бастап «Реннің» жасөспірімдік командасында өнер көрсетіп, негізгі командасымен келісім шартқа тұрды. 2015 жылы 6 қарашада "Реннің" негізгі командасында дебюттік ойынын өткізді, ол «Анже» клубына қ ойында Камил Гросицкименен алмасқан. 22 қарашада алғашы рет негізгі сатыда аланға шығып, «Бордоға» қарсы алғашқы голын соқты. 2016 жылы 6 наурызда «Нантқа» қарсы ойында алғашқы хет-трикті жасады.
2016 жылы 12 мамырда Дембеле дортмундтық «Боруссияға» өтетіні туралы жаңалық шықты. Усман немістік клубпен 5 жылдық келісім шартқа отырды.

2017 жылы жазда "Барселонаға" ауысты.
2022 жылы 1 шілдеден бастап еркін агент атанды.
2022 жылы 14 шілдеде Дембеле қайтадан "Барселонамен" жаңа келісім шартқа отырды. Келісім шарт бойынша Дембеле 2024 жылдың 30 шілдесіне дейін Барселона ойыншысы саналады.
Пари Сен-Жермен
2023 жылдың 12 тамызында Дембеле Пари Сен-Жермен клубына 50,4 миллион еуроға ауысып, 2028 жылдың маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Бастапқыда ол 23-нөмірлі жейдені алды, бірақ Неймар клубтан кеткеннен кейін 10-нөмірге ауысты.
20 тамызда Дембеле Пари Сен-Жермен сапындағы алғашқы ойының өткізді. Ол Тулуза клубына қарсы 1:1 есебімен тең аяқталған ойында алмастырылып, ойынға қосылды. 24 қыркүйекте ол Пари Сен-Жермен сапында алғашқы нәтижелі әрекетін жасады – Олимпик Марсель клубына қарсы 4:0 есебімен өткен ойында Гонсалу Рамушқа пас беріп, Гонасалу гол салды. 24 қарашада Дембеле клуб сапындағы алғашқы голын Монакоға қарсы 5:2 есебімен жеңіске жеткен матчта соқты.
2024 жылдың 10 сәуірінде ол УЕФА Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын өзінің бұрынғы клубы Барселонаға қарсы 1/4 финалдың бірінші ойынында соқты (2:3). Алты күннен кейін, қарымта кездесуде, ол Пари Сен-Жерменнің алғашқы голын соғып, командасына 4:1 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті және матчтың үздік ойыншысы атанды. 2023–24 маусымының соңында Дембеле Пари Сен-Жерменмен бірге Франция чемпиондығын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Франция кубогының финалында Лион клубына қарсы матчта алғашқы голды соғып, Пари Сен-Жермен клубының 2:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Құрамадағы мансабы
2016 жылы Францияның жасөспірімдік және негізгі құрамаларында алғашқы ойындарын өткізді.
17, 18 және 19 жасқа дейінгі Францияның ұлттық құрамасының сатында ойнады.
Дембеле 2018 жылы Ресейді өткен әлем чемпионатында 4 ойында өнер көрсетті. Сол жылы ол Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды.
Дембеле 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының барлық ойынында негізгі құрамның қатарында болды (6/7). Франция ұлттық құрамасы топтық кезеңде үздік болып, келесі кезеңге (плей-офф) жолдама алды. Олар чемпионаттың финалына дейін жетіп, Аргентинамен бақ сынасатын болды. Дембеле ойынның 20-минуттарына қарай Анхель Ди Марияға қарсы ойын тәртібін бұзып, қарсыласқа айып добын сыйлады. Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Дембелені ойын ортасында басқа ойыншымен алмастырып тастады. Осылайша олар Аргентинадан жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жеке өмірі
Дембеле Ислам дінін ұстанады. Ол 2021 жылы Марокколық қызға үйленген. Ол екеуінің 2022 жылы қыркүйек айында туылған қызы бар. Дембеле ағылшындық клуб Лидс Юнайтедтің жанкүйері.
Ойындарының статистикасы
3 ақпан, 2023
| Клуб | Маусымы | Лига | Ел кубогы | Лига кубогі | Еурокубоктар | Өзгелері | Жалпы | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | ||
| Ренн | 2015/16 | 26 | 12 | 2 | 0 | 1 | 0 | − | − | − | − | 29 | 12 |
| Жалпы | 26 | 12 | 2 | 0 | 1 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 29 | 12 | |
| Боруссия Дортмунд | 2016/17 | 32 | 6 | 6 | 2 | 10 | 2 | 1 | 0 | 1 | 0 | 49 | 10 |
| 2017/18 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 1 | 0 | 1 | 0 | 1 | 0 | |
| Жалпы | 32 | 6 | 6 | 2 | 0 | 0 | 10 | 2 | 2 | 0 | 50 | 10 | |
| Барселона | 2017/18 | 17 | 3 | 3 | 0 | 0 | 0 | 3 | 1 | 0 | 0 | 23 | 4 |
| 2018/19 | 29 | 8 | 4 | 2 | 0 | 0 | 8 | 3 | 1 | 1 | 42 | 14 | |
| 2019/20 | 5 | 1 | 1 | 0 | 0 | 0 | 4 | 0 | 0 | 0 | 9 | 1 | |
| 2020/21 | 30 | 6 | 6 | 2 | 0 | 0 | 6 | 3 | 2 | 0 | 44 | 11 | |
| 2021/22 | 21 | 1 | 1 | 1 | 0 | 0 | 9 | 0 | 1 | 0 | 32 | 2 | |
| 2022/23 | 25 | 5 | 2 | 2 | 0 | 0 | 6 | 1 | 2 | 0 | 28 | 8 | |
| Жалпы | 127 | 24 | 16 | 7 | 0 | 0 | 36 | 8 | 6 | 1 | 185 | 40 | |
| Барлығы | 160 | 37 | 22 | 7 | 1 | 0 | 40 | 9 | 6 | 1 | 264 | 62 | |
Жетістіктері
- Германия кубогы: 2016/17
Барселона
- Испания чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2022/23
- Испания кубогы: 2017/18, 2020/21
- Испания суперкубогы: 2018, 2019, 2023
- Франция чемпионы: 2023/24, 2024/25
- Франция кубогы: 2023/24, 2024/25
- Франция суперкубогы: 2023, 2024
- УЕФА Чемпиондар лигасы: 2024/25
Франция
- Әлем чемпионы: 2018
- Әлем чемпионатының финалисі: 2022
Сілтемелер
- Профиль футболшы футбол клубының ресми сайтында "Ренн" (франц.)
- Профиль футболшы 28 қарашаның 2019 жылы. сайтында FFF.fr (франц.)
- 15 мамырда туғандар
- 1997 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Вернонде туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Франция футболшылары
- Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Ренн ФК ойыншылары
- Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары
- Барселона ФК ойыншылары
- Футболдан әлем чемпиондары
- Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары
- Алтын доп иегерлері