Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Филиппо Индзаги (итал. Filippo Inzaghi; 9 тамыз 1973 жыл, Пьяченца, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы. 2006 жылғы әлем чемпионы. Інісі Симоне Индзаги де фу

Филиппо Индзаги

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Филиппо Индзаги Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

9 тамыз 1973 (1973-08-09)(53 жас)

Туған жері

Пьяченца,Италия

Азаматтығы

 Италия

Бойы

181

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Италия Беневенто

Қызметі

бас бапкер

Жастар клубы
1982—1985 Италия Сан-Николо
1985—1991 Италия Пьяченца
Клуб карьерасы
1991—1995 Италия Пьяченца 39 (15)
1992—1993 → Италия Леффе 21 (13)
1993—1994 → Италия Верона 36 (13)
1995—1996 Италия Парма 15 (2)
1996—1997 Италия Аталанта 33 (24)
1997—2001 Италия Ювентус 120 (57)
2001—2012 Италия Милан 202 (73)
Ұлттық құрамы
1997—2007  Италия 57 (25)
Бапкерлік карьерасы
2012—2013 Италия Милан (17)
2013—2014 Италия Милан (Примавера)
2014—2015 Италия Милан
2016—2018 Италия Венеция
2018—2019 Италия Болонья
2019— Италия Беневенто
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Филиппо Индзаги (итал. Filippo Inzaghi; 9 тамыз 1973 жыл, Пьяченца, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы. 2006 жылғы әлем чемпионы. Інісі Симоне Индзаги де футболшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы

Клубтық

Карьерасын 1991 жылы туған қаласындағы "Пьяченса" клубында бастады. 1991-97 жылдар аралығында еш клубқа тұрақтамай, жиі команда ауыстырумен болды. 1997 жылы "Ювентусқа" шақырылды. "Ювентус" сапында тәп-тәуір ойнап, үш маусымда 100-ден аса ресми ойында алаңға шықты. Алғашқы маусымда-ақ Италия чемпионатының үздік мергені атанды.

2001 жылы "Миланға" шақырылды.

2007 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында Индзаги соққан екі доптың арқасында "Милан" 2:1 есебімен "Ливерпульді" ұтты. Индзаги осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

2012 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама

1997-2007 жылдар аралығында Италия құрамасында ойнады. 1998 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің үшінші турында Аустрияның қақпасына бір гол соқты (2:1).

2000 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында Румынияның қақпасына бір гол соқты (2:0).

2003-06 жылдары құрамаға мүлде шақырылмады. Соған қарамастан 2006 жылғы әлем чемпионатына баратын футболшылардың тізіміне қосылды. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Чехияның қақпасына бір гол соқты.


Жетістіктері

Клубтық

«Ювентус»
  • Италия чемпионы: 1998
  • Интертото кубогы: 1999
  • Италия суперкубогы 1997
«Милан»
  • Италия чемпионы (2): 2004, 2011
  • Италия кубогы: 2003
  • Чемпиондар Лигасы (2): 2003, 2007
  • УЕФА Суперкубогы (2): 2003, 2007
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007
Сборная Италии
  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы (21): 1994
  • Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2000
  • Әлем чемпионы: 2006

Личные

  • Италия чемпионатының үздік мергені: 1997
  • Италия чемпионатының үздік жас футболшысы: 1997

Сілтемелер

Жоғары