| Облыс | |
| Хатлон облысы | |
| тәж. вилояти Хатлон | |
| |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | 4 қала және 21 аудан |
| Әкімшілік орталығы | Бохтар |
| Облыс төрағасы | Һакимзода Қурбон |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 2 желтоқсан 1992 |
| Жер аумағы | 24,600 км² (4 орын) |
| Ірі қаласы | Бохтар |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 3,048,200 адам (2016)(1 орын) |
| Тығыздығы | 123,9 адам/км² (2 орын) |
| Ұлттық құрамы | тәжіктер — 81,8% |
| Конфессионалдық құрамы | көбінесе Суннит мұсылмандар |
| Сандық идентификаторлары | |
| Аббревиатура | TJ-KT |
|
| |
Хатлон облысы (тәж. вилояти Хатлон) — Тәжікстан құрамындағы елдің оңтүстік-батысында орналасқан облысы. Орталығы Хатлон қаласында орналасқан облыстың халық саны 3,048,200 адамға тең, және жерінің ауданы 24,600 шаршы километрге тең.
Географиясы

Облыс елдің оңтүстік-батысында орналасқан, ол Ауғанстанның Бадахшан, Балх, Құндыз және Тахар провинцияларымен және Өзбекстанның Сұрқандария облысымен шектеседі.
Хатлон облысының климаты континенттік болып келеді. Облыс жерінің көпшілігінде таулар орналасқан.
Тарихы
Кеңес Одағы жылдары қазіргі Хатлон облысы жерінде екі облыс болатын: батысындағы Қорған-Төбе облысы және шығысындағы Куляб облысы.
Кеңес үкіметі жүргізген қатал коллективизация саясатының нәтижесінде өздерін ғармлар деп атайтын Орталық тәжіктер таулы аймақтан елдің батысы, соның ішінде жері жазығырақ жеріне көшуге мәжбүр болды, олар түрлі мемлекеттік қызметтерден шеттетілді, кемсіту көрді, таулы жерден отырықшы өмір салтына көшуде қиындықтарға тап болды. Осы қатал саясаттың және халықтың жаппай орын ауыстыруы қазіргі Тәжікстанда да байқалады: Хатлон облысының тәжіктерінің бір жартысы өздерін таулардан келген ғармлар деп санаса, қалғаны кулябтықтар деп аталады. жылы орын алған Тәжік азаматтық соғысы кезінде осы екі топ арасында ірі қақтығыстар болды, Хатлон облысы елдің ең көп зардап шеккен аймағы болды.
Азаматтық соғыстан бері екі топ арасындағы шиеленіс әлі де сезіледі, шығыстағы Куляб тумалары үкіметтің көпшілігін басқаруда, қазіргі президенті Эмомали Рахмон мен оның кланы кулябтықтар болып саналады. Облыс орталығы Бохтардағы ғармлар көпшілігі Исламистік оппозицияны қолдайды.
Халқы
Ұлттық құрамы
2010 жылғы санақ бойынша Хатлон облысы халқының 81.8% тәжіктер, 12.9% өзбектер және 0.5% түрікмендер. Қалған 4.6% халық — басқа ұлт өкілдері.
Халық саны
| Тарихи халқы | ||
|---|---|---|
| Жылы | Халқы | +/- |
| 1979 | 1,220,949 | — |
| 1989 | 1,701,380 | +3.37% |
| 1999 | 2,150,136 | +2.37% |
| 2010 | 2,677,251 | +2.01% |
| 2020 | 3,348,300 | +2.26 |
Әкімшілік бөлінісі
Хатлон облысы 4 қала және 21 ауданға бөлінген.
| № | Аудан | Тәжікше атауы | Орысша атауы | Орталығы | Ауданы (км²) | Халық саны (қаңтар 2020) |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Бальджуван | Ноҳияи Балҷувон | Балджуванский район | Балжуан ауылы | 1,300 | 30,4 |
| 2 | Данғара | Ноҳияи Данғара | Дангаринский район | Даңғара | 2,000 | 161 |
| 3 | Ашт | Ноҳияи Дӯстӣ | район Дусти | Ҷиликӯл (Жылыкөл) | 1,200 | 117,1 |
| 4 | Пархар | Ноҳияи Фархор | Пархарский район | Пархар | 1,200 | 170,8 |
| 5 | Хамадони | Ноҳияи Ҳамадони | район Хамадони | Московский | 500 | 23,3 |
| 6 | Джалолиддин Балхи | Ноҳияи Ҷалолиддин Балхӣ | район Джалолиддин Балхи | Балх | 900 | 26,4 |
| 10 | Джайхун | Ноҳияи Ҷайҳун | район Джайхун | Досты | 1,000 | 139 |
| 11 | Әбдірахман Жәми | Ноҳияи Абдураҳмони Ҷомӣ | район Абдурахмана Джами | Әбдірахман Жәми | 600 | 175,8 |
| 13 | Хорасан | Ноҳияи Хуросон | Хуросонский район | Обикиик | 900 | 116,5 |
| 14 | Кушониён | Ноҳияи Кӯшониён | Кушониёнский район | Исмаил Самани | 600 | 245,9 |
| 15 | Муминабад | Ноҳияи Мӯъминобод | Муминабадский район | Чорсу | 900 | 94,7 |
| 16 | Носири Хусрав | Ноҳияи Носири Хусрав | район Носири Хусрав | Бахори | 800 | 39,3 |
| 15 | Пандж | Ноҳияи Панҷ | Пянджский район | Пәнж | 900 | 119,7 |
| 15 | Құбодиён | Ноҳияи Қубодиён | Кубодиёнский район | Муминабад | 900 | 94,7 |
| 15 | Шахритус | Ноҳияи Шаҳритӯс | Шахритусский район | Тус | 1,500 | 130 |
| 15 | Шамсиддин Шохин | Ноҳияи Шамсиддин Шоҳин | район Шамсиддин Шохин | Шурообод | 2,300 | 55,5 |
| 15 | Темірмәлік | Ноҳияи Темурмалик | Темурмаликский район | Бахманруд | 1,000 | 69,8 |
| 15 | Вахш | Ноҳияи Вахш | Вахшский район | Вахш | 1,000 | 199,3 |
| 15 | Восеъ | Ноҳияи Восеъ | Восейский район | Хулбук | 900 | 94,7 |
| 15 | Ёвон | Ноҳияи Ёвон | Яванский район | Муминабад | 900 | 234,6 |
- Хатлон облысы