| Хафиза Әбуғалиева | |
| Туған күні | 1926 |
|---|---|
| Туған жері | Ертіс ауданы, Павлодар облысы, РКФСР, КСРО |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | әнші, актриса, музыкант, поэтесса |
Хафиза Әбуғалиева (1926 — ) - әнші, киноактриса, поэтесса, музыкант, «Қазақконцерт» системасындағы әндер мен романстардың орындаушысы.
Өмірбаяны
Павлодар педагогикалық училищесін (1943), П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің вокалдық бөлімін (1948) бітірген.
Әбуғалиеваның бүкіл еңбек жолы «Қазақконцертпен» байланысты. Хафиза Әбуғалиева - көрнекті әнші, халық композиторы Майра Шамсутдинованың шығармашылығын жалғастырушы. Әбуғалиева Үндістан, Моңғолия, Қытай және ТМД елдерінде болды. Мәскеудегі (1958) қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ол Кремль сахнасында өнер көрсетті. Делидегі этнографиялық концертте Әбуғалиева Б. Байқадамованың «Ертіс вальсы» әнін қазақ және хинди тілдерінде шырқады.
Марапаттары
Ұлттық музыка өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін "Құрмет белгісімен", Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
- 1926 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ертіс ауданында туғандар
- Алфавит бойынша актрисалар
- КСРО актрисалары
- Қазақстан актрисалары
- Алфавит бойынша музыканттар