| Ил | |
| Чорум | |
| түр. Çorum | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Енеді | 14 аудан |
| Әкімшілік орталығы | Чорум |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 40°33′52″ с. е. 34°39′50″ ш. б. / 40.56444° с. е. 34.66389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°33′52″ с. е. 34°39′50″ ш. б. / 40.56444° с. е. 34.66389° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Жер аумағы | 12 833 км² (19-шы орын) |
| Уақыт белдеуі | UTC+2, жазда UTC+3 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 597 065 адам (2009)(37-ші орын) |
| Тығыздығы | 46,53 адам/км² (61-ші орын) |
| Сандық идентификаторлары | |
| ISO 3166-2 коды | TR-19 |
| Телефон коды | +90 364 |
| Пошта индекстері | 19000–19999 |
| Автомобиль коды | 19 |
|
| |
Чорум — Түркияның шығысындағы ил.
Географиясы
Чорум облысының шығысында — Кырыккале, оңтүстік-шығысында — Самсун, солтүстігінде — Синоп, солтүстік-батысында — Кастамону, батысында — Йозгат, оңтүстігінде — Амасия, оңтүстік-батысында — Чанкыры.
Чорум Анадолы тегіс тауында орналасқан. Теңізден алшақ. Климаты шұғыл-континентал. Қазақстандағыдай, қысы суық, қарлы; жазы ыстық, ұзақ. Ешіл-Ырмак өзенінің орта ағысында орналасқан облыс (Қара теңіз бассейні).
Халқы
Халқы — 365 мың адам (2000).
Ең ірі қаласы — Чорум.
Әкімшілік бөлінуі
Чорум 14 ауданға бөлінеді.

Экономика
Тарих

- 5000 — б.з.д. 3000 жыл: алғаш қоныстар.
- 3000 — б.з.д. 1000 жыл: қола дәуір. Алғаш қалалар.
- шамамен б.з.д. 2000 жыл: хатты патшалығы.
- б.з.д. 1950 жыл — б.з.д. 1850 жыл: ассириялықтардың сауда колониялары. Алғаш жазбалар.
- б.з.д. 1500 жыл — б.з.д. 1200 жыл: Хетт патшалығы астанасы Хаттуса
- Теңіз халқы мен Хетт патшалығының өлімінен кейін фригиялықтарға, мидиялықтарға, парсыларға және римге бағынды.
- Диадохтар дәуірінен кейін Каппадокияның бөлігі болды, кейіннен Рим империясының және Византияның құрамында.
- 1075: түріктер жаулап алды, Данишменд хандығына қосылды.
- 1276: моңғолдарды Әмір Джелалетдиннің арқасында жеңді.
- XIV ғасыр: Осман халифатының құрамына енді.
- 1923: Чорум Түркияның құрамында.
Сұлу жерлері

2010 жылы облыс Қара теңіз аймағының туризм орталығына айналды. Жаңа қонақүйлер, жолдар салынып, авиарейстер ашылды.
- Бүйік қорғаны, Гүллижек, Кушсарай, Гүзелжедере, Пазарлы Чикхасан ауылында, Ескияпар мен Калынкая
- Чорум қамалы, Калетепе, Кале (Егержидағ), Искилип и Османжик (Кандыбер)
- Мелик Гази мекен қалдықтары, Калехисар, Гердеккая и Язылыкая
- Искилип-Баят пен Кызылжапелит жартас молалары.
- Чорум, Алажахөйік пен Боғазкаледегі қала мұражайы
- Чорумның үлкен мешіті (Улуджами), Хамид мешіті, Хан мешіті, шейх Мухиддин Явси мешіті, Табакхане мешіті, Михри-Хатун мешіті, Огузкөй мешіті, Кожа Мехмед паша (Имарет) және Бүйік мешіт
- Синан паша медресесі, Алажа Хүсейін медресесі Ғази мен Акшемседдин медреселері.
- Койун Баба көпірі
- Гүпүр, Паша, Али-паша, Кожа Мехмед-паша және Сунгуроғлу моншалары
- ұлттық парк Боғазкөй-Алажа-Хүйік қала сынықтары мен мұражайымен
- Фиганы (Беке) гейзері
Мәдениеті
- Халқаралық хетт фестивалі 15 шілде
- Османчык күріш фестивалі 1-10 қараша
- Межитөзөдегі қыркүйектің соңғы аптасындағы күнбағыс фестивалі
- Искилиптегі дәстүрлі күрес жарысы мен әуен мейрамы, қыркүйектің алғаш аптасы
- күзгі күрес жарысы және Сунгурлудағы мейрам
- Каргы ұлттық мейрамы между 31 қазан и 6 қараша
Белгілі жерлестер
- Ибрахим Кайпаккая (1949—1973) — түрік төңкерілісшісі
- Назми Авлужа (1975) — түрік юнан-рим күресшісі
- Түркия илдері