Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Америкалық ламантин -сүтқоректілер отрядының бір туқымдасы, Ірі су жануары.Қоңыр-сұр түсті үлкен денесі ескек тәрізді жалпақ құйрыққа ұласады. Ескекке айналған

Америкалық ламантин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Америкалық ламантин
Adult with calf
Adult with calf
Амандық күйі

Vulnerable (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Mammalia
Сабы: Sirenia
Тұқымдасы: Trichechidae
Тегі: Trichechus
Түрі: T. manatus
Екі-есімді атауы
Trichechus manatus
Linnaeus, 1758
West Indian manatee range
West Indian manatee range

Америкалық ламантин -сүтқоректілер отрядының бір туқымдасы, Ірі су жануары.Қоңыр-сұр түсті үлкен денесі ескек тәрізді жалпақ құйрыққа ұласады. Ескекке айналған ортаңғы үш саусағының ұшында жалпақ тырнаққа ұқсас тұяқтары болады. Ламантинде алтыдан артық тіс болмайды. Күрек тістің орнына екі мүйізді тақташа түзілген. Ламантиннің жуан да жалпақ кеуде жағына қарай жіңішкеріп,ескекке уқсап барып бітеді. Суда қозғалысын арттыру үшін америкалық ламантин құйрығын пайдаланады. Америкалық ламантиндер дыбысты жақсы естиді. Ересек америкалық ламантиннің орташа ұзындығы - шамамен 3 м. Салмағы 200 - 600 келі арасында. Жаңа туған ламантиндердің ұзындығы - 1,2 - 1,4 м және салмағы шамамен 30 келі болады. Флорида ламантині өсімдіктердің алпыс түрімен, омыртқасыздармен қоректенеді. Ламантиндерде өсімдіктерді шайнайтын азу тісі ғана болады. Зерттеулер кей ламантиндердің тұщы су ішетіндігін көрсетті. Ламантиндер, негізінең 50 - 60 жыл өмір сүреді. Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізі бассейнінде, Техастың оңтүстік жағалауында және Бразилия жағалауларында кездеседі. Тұщы су мен ащы суға кезек-кезек барады. Көбінесе теңіздің таяз жағалауында, өзендердің сағасы мен төменгі ағыстарында суасты өсімдіктермен қоректенеді.Суайдарын өсімдіктерден тазарту үшін пайдаланылады.

Жоғары