| Шабал Бейсекова | ||||
| Туған күні | 1 қараша 1919 | |||
|---|---|---|---|---|
| Туған жері | қазіргі Жаңаарқа ауданы, Ұлытау облысы | |||
| Қайтыс болған күні | 25 мамыр 1997 (77 жас) | |||
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан | |||
| Мемлекет |
| |||
| Мамандықтары | опера әншісі | |||
| Дауыс түрі | сопрано | |||
| Ұжымдары | Абай атындағы ҚазМАОБТ | |||
| Марапаттары | | |||
Шабал Бейсекова (1 қараша 1919, қазіргі Жаңаарқа ауданы, Ұлытау облысы — 25 мамыр 1997, Алматы) — әнші, актриса.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қуандық руының мойын-алтыбай бөлімінен шыққан.
Қазақстаннын халық артисі (1959). Вокал өнерін әйгілі сахна шеберлерінен үйренді, негізгі опералық партияларды ұкыпты игерді. М. Төлебаевтын «Біржан-Сарасындағы» Сара, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек, С. Мұхамеджановтың «Айсұлуындағы» Айсұлу, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегинідегі» Татьяна т. б. рөлдерін орындап, шеберлігін шыңдады. Әуезов либреттосын жазған А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партиясы Бейсекованың орындауында жан-жақты шешімін тапты. Үздік орындаушылық шеберлігі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1949).
Естелік
Астана қаласында Шабал Бейсекова атындағы көше бар.
- 1 қарашада туғандар
- 1919 жылы туғандар
- 25 мамырда қайтыс болғандар
- 1997 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Сталиндік сыйлықтың иегерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Тұлғалар