Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған.Бұл Ауылда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Туған
| Ауыл | |
| Шамалған | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Шамалған |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1910 |
| Бұрынғы атаулары | Үшқоңыр |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲28644 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
| karasay.zhetisu.gov.kz/pages/220/ | |
Шамалған шекарасы | |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 10013 | ▲13616 | ▲28644 | 210,4 | 6706 | ▲14040 | 209,4 | 6910 | ▲14604 | 211,3 |
Тарихы
Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын , алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды
Көпшілік-танымдық орындары
- "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ;
- "Үшқоңыр" спорттық-сауықтыру кешені



