| Шығыс қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 99 471 га |
| Орналасуы | |
| 52°56′06″ с. е. 71°12′57″ ш. б. / 52.93493107° с. е. 71.21589539° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°56′06″ с. е. 71°12′57″ ш. б. / 52.93493107° с. е. 71.21589539° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Біржан сал ауданы |
Шығыс қорықшасы – мемлекеттік табиғи қорықша.
Географиялық орны
Ақмола облысының Біржан сал ауданында 100 000 га жерде орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 қаулысына сәйкес қорық аумағы 528,7 гектарға қысқартылды. Қазіргі уақытта қорық аумағы 99 471 гектарды құрайды.
Флорасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлері (7 түрі) кездеседі: сарғылт құндызшөп, ашық құндызшөп, көктемдік жанаргүл, волжа жанаргүлі, буданды таушымылдық, жатаған қызғалдақ, селеу. Тек осы өңірде кездесетін сирек өсімдік түрлері (4 түрі) анықталған: казак аршасы, сепкілгүл, Сібір құртқашашы, тасқарақат.
Фаунасы
Қорықшада Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың 13 түрі бар: бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, аққұйрықты субүркіт, ақ сұңқар, ителгі, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ. Сондай-ақ аумақта Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген жануарлардың 7 түрі анықталған: секіргіш кесіртке, үлкен алақыран, қарақұс, дала құладыны, далалық күйкентай, суыр, қарсақ.
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Ақмола облысы географиясы

