Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ықылас Адамбеков 1912 жылы №3 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы) дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руының Қояншы-Тағай руын

Ықылас Адамбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ықлас Адамбеков(1912, Қарағанды облысы Шет ауданы №3 ауыл («Қатбар» колхозы) -1941) - ақын.

Өмірбаяны

Ықылас Адамбеков 1912 жылы №3 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы) дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руының Қояншы-Тағай руынан шыққан.. 6 жасында жетім қалып, 1927 – 1931 жылы Қарқаралы балалар үйінде оқып, тәрбиеленген. 1929 жылы комсомол қатарына қабылданды. 1934-1935 жылдары республикалық «Лениншіл жаста» жастар газетінің қызметкері болды. 1935-1938 жылдары Қазақ коммунистік журналистика институтында оқыды. 1938-1939 жылдары қазақ көркем әдебиеті баспасында жауапты хатшы қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін майданға аттанды. 316-атқыштар дивизиясының 857-артиллериялық полкінің барлаушысы болып қызмет еткен. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1941 жылы 18 қазанда (басқа деректер бойынша - 26 қазан) Мәскеу облысы Волоколам ауданы Голубцы деревнясы үшін болған шайқаста қаза тапты .

Шығармашылығы

Өлең, ән мәтіндерін жазумен айналысқан, оның «Достар жүрегі» атты алғашқы жинағы осы кездерде жарық көрген. Жазушы Ә. Әбішевпен бірігіп «Қамбар батыр» операсына либретто жазған. 30 шақты ән сөзінің авторы. Оның «Қызыл әскер маршы»,«Алатау» әндері көпшілікке мәлім.

Естелік

Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ықылас Адамбековке арналған бұрыш бар. Балқаш қаласындағы No16 орта мектепте Ықылас Адамбеков туралы стенд орнатылған. Ақынның туған ауылында ескерткіш тақта орнатылды. Соғыстан оралмаған 25 қазақ жазушысына арналған Қазақстан жазушылар одағы ғимаратындағы мәрмәр тақтаға Ықылас Адамбековтың есімі жазылған.

Жоғары