Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жай зат — бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады, мысалы, темір — темір элеме

Жай зат

  • Басты бет
  • Жай зат

Жай зат — бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады, мысалы, темір — темір элементінің атомдарынан, азот — азот элементінің атомдарынан құралған, т.б. Жай заттардың молекулалары бір атомнан (Nе, Аr, т.б.), екі (Сl2, Н2, О2, т.б.), үш (О3) немесе одан да көп атомдардан құралуы мүмкін. Химиялық элементтер мен жай заттардың арасындағы айырмашылық — бір элементтің бірнеше жай зат түрінде бола алуында. Сондықтан олар сан жағынан бірдей болмайды; мысалы, көміртек химиялық элементі алмаз, графит жай заттары түрінде бола алады, бұлар — көміртектің аллотроптық түр өзгерістері (қ. Аллотроптық). Әрбір жай заттың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Олар өзара әрекеттескенде әрқайсысына тән қасиеттері жойылып, күрделі заттар түзіледі. Мысалы, жай заттар сутек пен азот әрекеттескенде күрделі зат — аммиак түзіледі.

Висмут жай зат ретінде
Фосфордың аллотроптық түр өзгерістері

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жұлдызды түн

  • Наурыз 11, 2026

    Қарахан мемлекеті

  • Сәуір 04, 2026

    Корей тілі

  • Сәуір 03, 2026

    Көркем әдебиет

  • Наурыз 12, 2026

    Кенесары хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары