Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Эдуард Келвин Кендалл (ағылш. Edward Calvin Kendall, 8 наурыз, 1886, Норуолк, Коннектикут, АҚШ — 4 мамыр, 1972, Принстон, Нью-Джерси АҚШ) — америкалық химик, «б

Эдуард Кендалл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эдуард Келвин Кендалл
Edward Calvin Kendall
Туған күні

8 наурыз 1886 (1886-03-08)

Туған жері

Норуолк, Коннектикут, АҚШ

Қайтыс болған күні

4 мамыр 1972 (1972-05-04)(86 жас)

Қайтыс болған жері

Принстон, Мёрсер, Нью-Джерси

Азаматтығы

 АҚШ

Жұмыс орны

көрнекті химик, Нобель сыйлығының лауреаты физиология мен медицина саласында (1950)

Эдуард Келвин Кендалл Ортаққорда

Эдуард Келвин Кендалл (ағылш. Edward Calvin Kendall, 8 наурыз, 1886, Норуолк, Коннектикут, АҚШ — 4 мамыр, 1972, Принстон, Нью-Джерси АҚШ) — америкалық химик, «бүйрек үсті безінің гормондар қатысты ашылулары, олардың құрылымы және биологиялық әсерлері үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1950 жылғы лауреаты (Тадеуш Рейхштейн және Филип Хенчпен бірге).

Өмірбаяны

Эдуард Кендалл өмірге 8 наурызда 1886 жылы Саут-Норуолкте келген.

  • 1910 жылы Колумбия мемлекеттік университетін бітірді. 1911-1914 жылдары Нью-Йорк клиникасында қызмет етті, ал 1914 жылы Рочестер клиникасында істеді.
  • 1921-1951 жылдары Миннеаполистегі Миннесота университетінде физиологиялық химия профессоры қызметінде болды.
  • 1952-1972 жылдары Принстон университетінде химия профессоры қызметін атқарды.

Эдуард Кендалл 1972 жылы 4 мамырда Принстонде өмірден озды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері гормондар биохимиясына арналған.

  • Тироксинді (1914) және кортизонды ашты (1948).
  • Глутатионның кристаллдануын зертеді және құрылымын анықтады.

Қоғамдағы қызметі

  • Швец корольдік ҒА мүшесі.
  • Америкалық Ғылым және өнер академиясы мүшесі (1951-72).
  • Басқа да ғылыми академия мен ғылыми қоғамдағы қызметтері.

Марапаттары

  • 1950 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы.

Сілтемелер

Жоғары