| Эри ағылш. Erie, фр. Érié | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 174 м |
| Өлшемі | 338 × 92 км |
| Ауданы | 25 700 км² |
| Көлемі | 500 км³ |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 1370 км |
| Тереңдігі | 64 м |
| Орташа тереңдігі | 19 м |
| Су алабы | |
| Құятын өзен | Детройт |
| Шығатын өзен | Ниагара |
| Орналасуы | |
| 42°09′38″ с. е. 81°16′23″ б. б. / 42.1606° с. е. 81.2731° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°09′38″ с. е. 81°16′23″ б. б. / 42.1606° с. е. 81.2731° б. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер | |
| Аймақтар | Мичиган, Огайо, Пенсильвания, Нью-Йорк, Онтарио |
Эри (ағылш. Erіe) – Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер жүйесіндегі көл. Гурон және Онтарио көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 174 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы Канадаға, оңтүстік жағалауы АҚШ-қа қарайды. Аумағы 25,7 мың км². Тереңдігі 64 м. Су деңгейі жазда көтеріліп, қаңтар – ақпан айларында төмендейді. Эриге Детройт өз. құйып, Ниагара өз. ағып шығады. Кеме жүзеді. Сент-Клэр өз. арқылы Гурон көлімен, Ниагара және Уэлленд каналы арқылы Онтарио көлімен жалғасқан; Эри көлі АҚШтың Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарының және Канаданың Онтарио провинциясының жағалауларын шайып жатыр; Эри канал жүйесі Гудзон өз-мен жалғастырады. Басты порттары: Толидо, Кливленд, Буффало, Эри (АҚШ), Порт-Колборн (Канада). Солт. жағалауында Пойнт-Пили ұлттық саябағы құрылған.
- Алфавит бойынша көлдер
- Эри көлі
- Ниагара су алабы
- Шекаралық көлдер
