| Кент | |
| Жезқазған | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Ауданы | Сәтбаев |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 47°52′14″ с. е. 67°26′43″ ш. б. / 47.87056° с. е. 67.44528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°52′14″ с. е. 67°26′43″ ш. б. / 47.87056° с. е. 67.44528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1907 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼194 адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 20 |
Жезқазған шекарасы | |
Жезқазған — Ұлытау облысы Сәтбаев қаласына қарасты кент, 2024 жылы таратылған. Елді мекен астында мыс өндіруге байланысты тұрғындары Сәтбаев қаласына көшірілген.
Географиялық орны
Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км, Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 627 адамды (365 ер адам және 262 әйел адам) құрады.
Тарихы
Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған. 1937 жылдан кент.
Өндіріс орындары
Жезқазғанда жоғары дәрежеде механикаландырылған 10 шахта, 2 ашық карьер жұмыс істейді. Кентте сыра зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар бар.
Инфрақұрылымы
Орта және орталау мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, аурухана, емхана, тубдиспансер, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар бар. Өндірісті және тұрғындарды сумен жабдықтау үшін Кеңгір бөгені және жер асты суы пайдаланылады. Жезқазған арқылы Жезді - Жезқазған темір жол тармағы және Жезқазған - Арқалық автомобиль жолы өтеді.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- 1907 жылы құрылған елді мекендер
- Сәтбаев
- Сәтбаев қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері

