Игенсартов Ғабдиман (1902-1976) - Қазақстанның халық ақыны.
| Игенсартов Ғабдиман | |
|---|---|
| Дүниеге келгені: | 1902 |
| Қайтыс болғаны: | 1976 |
| Мансабы: | Қазақстанның халық ақыны |
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Майлық бұтағынан шыққан.
Халық ауыз әдебиеті үлгісінде Абай туралы «Тойтарыс» атты дастан («Лавадағы өмір», - А., 1985) жазған. Шағын сюжетке құрылып, психологиялық-философиялық тұрғыда өрбіген бұл туындыда ақын өмірінің бір сәті ғана жырланады. Абай заманындағы айтыс-тартыстар, теңсіздіктер нанымды баяндалады. Дастанда қоғамның жағымсыз қылықтарына өзінің азаматтық болмысымен, өткір сөзімен, әділ төрелігімен қарсы тұрған жас Абай бейнесі шынайы сомдалған. Сарым қарттың жас Абайға берген батасы - ақынға халық атынан айтылған ақ жол, оң тілек іспеттес.