Себеп, түрткі - адамның қандай да бір әрекетінің (саналы не санасыз) субьективтік себебі; адамды қандай да бір әрекетті таңдауға және оны іске асыруға итермелейтін психикалық құбылыс. Инстинктілер, құштарлықтар Себеп ретінде көрінуі мүмкін. Себеп тұлғаның әлеуметтенуі процесінде, оның қалыптасуы мен тәрбиесі негізінде пайда болады.
Себептік орта
Әрекеттің мақсатына жету үшін жұмсалатын қүшке қосалқы ретінде қолданылатын қүштің бағыты мен көлемін анықтайтын шарттар жиынтығы. Сипатына қарай себептік орта қатысушыларда өзін-өзі ұстаудың бастамалық, орындаушылық, тұтынушылық, болмайтын сызықтары қалыптасады. Бұл кұбылысты мұғалім балалардың кез келген әрекетін ұйымдастырғанда есепке алып отыруы қажет.
Сәтсіздіктерден қашқақтау себебі
Сәтсіздіктерден қашқақтау себебі адамдардың кез келген жағдайда, әсіресе оның әрекетін басқа адамдар бағалайтын тұстарда сәтсіздіктерді болдырмау бағытында әрекет етуге тырысулары. Бұндай ұстаным жетістікке жету себебіне қарама-қарсы. Сәтсіздіктерден қашқақтау себебі касиеті басым адамдар үшін басты мақсат - тіпті бастағы койылған мақсатты өзгертсе де, оған толық не жартылай қол жеткізбесе де, қателік жібермеу, сәтсіздіктерді айналып өту. Бұл себеп үлгерімі төмен оқушылардың, тапсырманың неге орындалмағанына не нашар орындалғанына көптеген себептер табуларын түсіндіріп береді.
- Педагогика
- Терминология