Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

  • Басты бет
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Қазақстан қарулы күштері


Қазақстанның Қарулы күштерінің рәмізі мен туы

Құрылғаны 7 мамыр 1992
Күштер тараулары Қарулы Күштердің түрі:

Құрлық күштері
Әуе қорғанысы күштері
Әскери-теңіз күштері
Десанттық-шабуылдау әскерлері
Арнайы Операциялар Күштері

Басшылық
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қорғаныс министрі Авиация генерал-лейтенанты
Дәурен Қосанов
Бас штабының бастығы Генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров
Әскери қызметі
Әскери қызмет жасы 18 - 27
Әскери қызметке шақыруы 12 ай (жедел қызмет)

24 ай (әскери қызмет өткермеген запастағы офицерлерді шақыру)

Әскери қызметке
қатынаушылар
3,758,255 ер, жасы 15–49,
3,822,845 әйел, жасы 15–49
Әскери қызметке
жарайтындар
6 683 865 (34,2%), жасы 15–49
Шақыруға жасы жеткендер,
жыл сайын
273 608 (2024)
Белсенді құрамы 70000-75000
Қор құрамы 135,000 (2024)
Шығындары
Бюджеті 972 млрд. теңге (2024)(2,2 млрд АҚШ $)
ЖІӨ пайызы 0,95 % (2022 сарап.)
Қатысты баптар
Дәрежелер 1

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Мазмұны

Міндеттері

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.

Бейбiт кезеңде

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

  • әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
  • әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
  • маңызды әскери нысандарды күзету;
  • елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
  • халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының (ҚР) басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.

Әскери доктринасы

 
Қазақстан аэроұтқыр әскері

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядролық мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.

  • 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.

  • Әскери доктрина ережелерін іске асыру, әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлік қолбасшылықтар

Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы

«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.

«Астана» өңірлік қолбасшылығына (ӨҚ) кіреді:

  • 7-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші ЖМЕХБР немесе 31775 әскери бөлім (ә/б) — Қарағанды
  • арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас елді мекен (е.м.).
  • 401-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (ЗАБР) (401-ші ЗАБР немесе 06708 ә/б) — Приозёрск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды).
  • 402-ші ракетивті артиллериялық бригада (РЕАБР) (402-ші РЕАБР) — Приозёрск.
  • 403-ші танк бұзар артиллериялық бригада (ТБАБР) (403-ші ТБАБР немесе 70417 ә/б) — Приозёрск.
  • Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск.
  • Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозёрск.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Шығыс» ӨҚ кіреді:

  • 3-жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (ЖГМехБр) (3-ЖГМехБр немесе 40398 ә/б) — Үшарал;
  • 4-механикаландырылған бригадасы (4-ЖГМехБр немесе 27943 ә/б) — Өскемен;
  • 8-жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей;
  • 11-танк бригадасы (11-тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз;
  • 34-артиллерия бригадасы (34-абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал;
  • 101-ракеталық бригада (РБр) (101-РБр немесе 36803 ә/б) — Семей;
  • 102-ракетивті артиллериялық бригада (РеАБр) (402-РеАБр немесе 16752 ә/б) — Семей;
  • 103-зеңбіректі артиллериялық бригада ЗАБр (103-ЗАБр немесе 28738 ә/б) — Семей;
  • жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей;
  • жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.

«Батыс» ӨҚ кіреді:

  • 100-артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе;
  • жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе;
  • 390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды);
  • жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау;
  • жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ( ӨҚ) негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Оңтүстік» ӨҚ кіреді:

  • 5-ші тау атқыштар бригадасы (ТАБр) (5-ші ТАБр немесе 85395 ә/б) — Тараз;
    • жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой ауылы.
    • Жеке танк батальоны — Луговой ауылы.
    • Жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой ауылы.
    • Жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі ауылы.
  • 6-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші ЖМехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент;
  • жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы ауылы.
  • 40-шы әскери базасы Гвардиялық кенті;
    • 12-ші механикаландырылған бригада (12-ші МехБр немесе 21450 ә/б)
    • 54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.АБр немесе 82796 ә/б)
    • 23-ші инженерлік-саперлік бригада (ИСБр) (23-ші ИСБр немесе 75263 ә/б)
    • Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (Қорғаныс Әскері Оқу Орны (ҚӘ ОО) немесе 30212 ә/б)
  • 221-ші жеке байланыс бригадасы (221-ші ЖББр немесе 28903 ә/б) — Тараз;
  • 232-ші инженерлік-саперлік бригада (232-ші ИСБр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай.

Ағымдық қару-жарағы

Құрлық күштері

Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.

3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:

  • Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар
  • КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары
  • Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б
Типі Бейнесі Өндіріс Техника түрі Саны Ескертпелер
Т-72БА     Қазақстан Танк 300-1300 2016 жылғы мәліметтер бойынша 300-ден 1300-ге дейін Т-72В болды.

— БРЭ бойынша 2021 жылға 300 Т-72БА

БМП-2     КСРО Жаяу әскерге арналған ұрыс көлігі 700
БМП-1     КСРО Жаяу әскерге арналған ұрыс көлігі
БМПТ Терминатор     Ресей Танктерді сүйемелдейтін Бронды-көлік 3
БТР-82А     Ресей Бронды-тасымалдаушы 62
БТР-80А     Ресей Бронды-тасымалдаушы 90
БТР-80     КСРО Бронды-тасымалдаушы 150
БТР-70   КСРО Бронды-тасымалдаушы
БТР-60     КСРО Бронды-тасымалдаушы 150
БРДМ-2     КСРО Барлау-көлігі 30
HMMWV     АҚШ Барлау-көлігі 50
МТ-ЛБ     КСРО Бронды-тасымалдаушы 180
Газ-2330Тигр     Ресей Барлау-көлігі 26
БПМ-97   Бронокөлік 20
БРМ-1К     КСРО Барлау-көлігі 40
OTOKAR COBRA   Барлау-көлігі 17
Арлан     Қазақстан Бронды-көлік 200
Plasan Sandcat//Алан     Қазақстан Бронды-көлік 20

Артиллерия

Сүйретілетін артилерия

Типі Бейнесі Өндіріс Техника түрі Саны Ескертпелер
Д-30
 
  КСРО Сүйретілетін артилерия 100
Мста-Б
 
  КСРО Сүйретілетін артилерия 70
Гиацинт-Б
 
  КСРО Сүйретілетін артилерия 180

Жылжымалы зеңбіректер

Типі Бейнесі Өндіріс Техника түрі Саны Ескертпелер
Семсер   Қазақстан Моторлы зеңбіректер
Гвоздика     КСРО Моторлы зеңбіректер 60
Акация     КСРО Моторлы зеңбіректер 60
Тюльпан     КСРО Моторлы зеңбіректер белгісіз

Дүркін артиллерия

Типі Бейнесі Өндіріс Техника түрі Саны Ескертпелер
ТОС-1А     Ресей Дүркін артиллерия 3
БМ-30 Смерч     КСРО Дүркін артиллерия 6
БМ-27 Ураган     КСРО Дүркін артиллерия 180
БМ-21 РСЗО «КазГрад»     Қазақстан Дүркін артиллерия
БМ-21 Град     КСРО Дүркін артиллерия 200
Найза   Қазақстан Дүркін артиллерия 18
9К59 «Прима»     КСРО Дүркін артиллерия

Тактикалық зымыран кешендері

Типі Бейнесі Өндіріс Техника түрі Саны Ескертпелер
Точка-У     КСРО оперативті-тактикалық-зымырандық-кешен 12

Әуе қорғанысы күштері

Толық мақаласы: Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері
 
Су-25 (Su-25)

Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.

Мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау.
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету.

Басшылары

  1. Әлібек Хамитұлы Қасымов (1992 — 1995) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  2. Николай Дмитриевич Толмачев (1995 — 1996) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  3. Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (1996 — 1997) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  4. Бақытжан Ертайұлы Ертаев (1997 — 2000) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  5. Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (2001 — 2003) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  6. Болат Керімжанұлы Дарбеков (2003 — 2007) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
  7. Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (2007 — 2010) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
  8. Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (2010 — 2016) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, 2013 жылдан бастап — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  9. Мұрат Жәлелұлы Майкеев (2016 — 2019) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  10. Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (2019 — 2021) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  11. Марат Рақымұлы Құсайынов (2021 — 2024) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  12. Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (2024 — 2026) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
  13. Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров (2026 жылдан бастап) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы.

Тағы қараңыз

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 20, 2026

    Монархия

  • Сәуір 04, 2026

    Абхазия Республикасы

  • Сәуір 04, 2026

    Шығыс Африка

  • Сәуір 04, 2026

    Carolus Linnaeus

  • Наурыз 24, 2026

    Мұнай өнеркәсібі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары