Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қарамола тауының оңтүстігінен басталып, Ботамола бейітінің оңтүстік-шығысында 5,2 км жерде, Нарөлген ауылынан 5 км, Шұ

Қалмаққырылған (өзен)

  • Басты бет
  • Қалмаққырылған (өзен)
 Басқа мағыналар үшін Қалмақ қырылған деген бетті қараңыз.

Қалмаққырылған, Белеуітті, Білеу – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Қалмаққырылған
Сипаттамасы
Ұзындығы 325 км
Су алабының
ауданы
10,1 мың км²
Су алабы Шалқартеңіз алабы
Су ағысы
Бастауы Қарамола тауы
 • Координаттары 47°54′31″ с. е. 66°44′02″ ш. б. / 47.90861° с. е. 66.73389° ш. б. / 47.90861; 66.73389 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шұбартеңіз сайы
 • Координаттары 47°25′12″ с. е. 64°54′59″ ш. б. / 47.42000° с. е. 64.91639° ш. б. / 47.42000; 64.91639 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°25′12″ с. е. 64°54′59″ ш. б. / 47.42000° с. е. 64.91639° ш. б. / 47.42000; 64.91639 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы Ұлытау ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 325 км, су жиналатын алабы 10,1 мың км².

Бастауы

Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қарамола тауының оңтүстігінен басталып, Ботамола бейітінің оңтүстік-шығысында 5,2 км жерде, Нарөлген ауылынан 5 км, Шұбартеңіз сайы (бұрынғы көлге) 28 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы

Жылдық орташа су ағымы 1,05 м³/с. Аңғары кең (0,5 – 4 км), бүйірлік жырауылысайлармен тілімденген, жоғарғы ағысында жағалау беткейлері тік, биіктігі 10 – 40 м. Төменгі ағысының жағалауы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Су ағыны көктемде болып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қалмаққырылғанға ұзындығы 10-нан 48 км-ге жететін көптеген салалар құяды. Оң салалары: Шауыпкелсай, Алшынбайсай, Керегетассай, Күнтоғай, Сарыбұлақ, Аманжолсай, Дүйсембай, Шолақсай, Жиде, Бозінген; сол салалары: Қарсақпай, Талсай, Қаратөбесай, Ащылысай, Ақкиіксай, Тұрған, т.б. Алабы – мал жайылымы, жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады. 1723 жылы осы өзеннің бойында қазақ сарбаздары қалмақтарды ойсырата жеңгеннен кейін бұрынғы Белеуітті өзен сол жеңістің құрметіне Қалмаққырылған болып аталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 15, 2026

    Аламесек ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Жаңа Шүлбі

  • Сәуір 08, 2026

    Николае Чаушеску

  • Сәуір 07, 2026

    Қазалы ауданы

  • Сәуір 20, 2026

    Әбілқасым Фирдауси

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары