| Сора (өсімдік) | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() екпе сорасы | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| түрлері | ||||||||||||||
|
Сора немесе каннабис (лат. Cannabіs) – сора тұқымдасына жататын бір жылдық талшықты өсімдік. Сораның шыққан жері – Орталық Азия.
Оны б.з.б. 1-мыңжылдықта қолдан өсіре бастаған. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен, далалық алқаптар мен оңт. облыстардың таулы аймақтарында өсетін: екпе сорасы (C.satіva) және арамшөп сора немесе қарасораң (C. ruderalіs) бар. Олардың биікт. 50 – 150 см. сабағы жұмыр, жұмсақ, түкті. Жуандығы 8 – 30 мм. Жапырағы 3 – 7-ден бөлінген, ланцет тәрізді, жиегі араның тісі сияқты иректелген. Гүлдері қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Сораның талшығы мата, кенеп тоқуға, әр түрлі арқан, жіп есуге пайдаланылады. Дәнінен тағамдық, тех. май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Сораны кейде әсемдік үшін де өсіреді. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін үнді сорасынан гашиш (марихуана) алынады; қ. Есірткі дақылдары.
- Қауіптен тыс түрлер
- Кенепшөптер
