Қалқан асаймұса, қалқанды асаймұса (лат. Abelia corymbosa) – ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде – Мерке және Қайынды тау сайларының баурайларында кездеседі. Популяциясы аз, олардың көлемі 50 гектардан аспайды. Қазақстаннан тыс Тянь–Шаньның басқа аймақтарында, көбіне батыс бөлігінде таралған. Сәндік бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше – қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы.
| Қалқан асаймұса | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Амандық күйі | ||||||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Abelia corymbosa Regel & Schmalh. |
Тағы қараңыз
- Асаймұса
