Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қалқыма су – жер бетіне ең жақын жатқан жер асты суы. Қалқыма су грунт суынан жоғары орналасады. Ол көбінесе ойыстарда, өзен-көл арналарында, су өткізбейтін қаб

Қалқыма су

  • Басты бет
  • Қалқыма су

Қалқыма су – жер бетіне ең жақын жатқан жер асты суы. Қалқыма су грунт суынан жоғары орналасады. Ол көбінесе ойыстарда, өзен-көл арналарында, су өткізбейтін қабаттардың бетінде, құм топырақтар арасында қар суы ерігенде, су тасығанда, нөсер жауыннан кейін пайда болады. Қалқыма судың қоры, су шығымы әр өңірде әр түрлі болады, температурасы да өзгермелі келеді. Ылғалдылығы біршама мол, булану мөлшері аз аймақтарда қалқыма су тұщы, ал тұзды топырақтар арасында тұзды болып кездеседі. Оның сапасына жер бетіндегі сарқынды сулар мен ластану көздері әсер етеді. Қорының, өнімділігі мен сапасының тұрақсыздығына байланысты қалқыма суды ауыз су ретінде, мал суаруға тек уақытша ғана пайдалануға болады. Мұндай сулардың қорын қар тоқтату, жауын және тасқын суларды ойыс жерлерде жинау арқылы жасанды жолмен арттыруға болады. Көп жағдайда қалқыма су астыңғы қабаттардағы грунт және тұрақты жер асты суларымен байланысты болатындықтан оны да ластану көздерінен сақтай білу қажет. Әдетте қалқыма су тұтас таралмайды, сутірек таужыныстардың үстінде орналасатыш шағын линзалар жасайды. Қалқыма судың мұндай линзаларының қалындығы көбінесе 0,5-1 м-ден аспайды, кейде 2-3 мге жетеді. Мүндағы су гравитациялық түрде болып, деңгейге ие болады. Қалқыма судың режимі тұрақсыз - деңгейі мен минералдылығы айтарлыктай өзгеріп тұрады. Кейде құрғақ климатты аудандарда қалқыма сулы құдықтар жазда толық кеуіп кетеді.

A.
Қалқыма су

Тақырыпқа байланысты

  • Жер асты суының жатыс жағдайлары
  • Топырақ суы
  • Грунт суы
  • Қабатаралық су
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Аңырақай шайқасы

  • Сәуір 04, 2026

    Планк тұрақтысы

  • Сәуір 04, 2026

    Жалағаш ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Бәйтерек (монумент)

  • Сәуір 03, 2026

    Мемлекеттік билік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары