Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қапаған қаған, Қабылан, Мочур (туған жылы белгісіз – 716 ж.) – Шығыс Түрік қағанатының бас қағаны (691 – 716). Құтлық қағанның немере інісі, Күлтегін мен Білген

Қапаған қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қапаған қаған

Лауазымы
Екінші Шығыс Түрік қағанатының 2-ші қағаны
691  716
Ізашары Құтлық қаған
Ізбасары Инел қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 716 (0716)
Династия Ашина
Әкесі Сыгинь
Жұбайы Цзинь Шань
Балалары Янвочжи Дэлэ
Инел қаған

Қапаған қаған, Қабылан, Мочур (туған жылы белгісіз – 716 ж.) – Шығыс Түрік қағанатының бас қағаны (691 – 716). Құтлық қағанның немере інісі, Күлтегін мен Білгенің немере ағасы.

Басқаруы

Қапаған Қаған түрік қағандығының қуатын арттырып, оның әскерін күшейтті.Шығыс түрік қағандығының иелігін Темір қақпадан (Дербент) Қадырхан тауына, Тоқарыстаннан Ұлы Хинган тауларына, Сарыөзенге (Хуанхэ) дейін ұлғайтуды мақсат етті. Қапаған қағанның Қытаймен соғыстары негізінен Сарыөзеннің Солтүстік жагалауларында жүргізілді. 694 жылы басталған қытаймен соғыстары Қытай корғанының арғы жағында жатқан Ордос түркілерін елге қайтару мақсатында жүргізілді. 697 жылы қытай шапқыншылығына ұшыраған қидандарды түгелімен, бүкіл Маньчжурия өзіне қосып алды. 706 жылы Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. 706-07 жылдары қытай және та¬табы шапқыншылықтарына тойтарыс беріп отырды. 709 жылы тоғыз-оғыздарды женді. 711-12 жылдары Енисей аздары мен шіктерін өзіне қаратты. 712-13 жылдары Алтайдан асып, Жетісудағы он оқтарды бағындырды. Сырдариядан өтіп, Темір қақпаға жалғас жатқан Тоқарыстанға жетіп, соғдыларды күйрете жеңді. 714 жылы қайта бас көтере бастаған табғаштарға алты рет соққы берді. Қапаған Қаған үдере көшпек болган тоғыз- оғыздарды тоқтатып, Ұлы Құм даланың (Гоби) солтүстігінде оларға күйрете соққы берді. Қапаған қаған қытай заңына негізделген заңды бұзып, ежелгі түркілер заңын қалпына келтірді. 716 жылы Толы өзенінің жағасында Бай-егу (Байырғы) тайпасы Қапаған қағанның әскерімен шайқасып, күйрей жеңілді. Шағын ғана жасақпен жорықтан оралып келе жатқан Қапаған қағанға байегулер тұтқиылдан шабуыл жасап өлтіреді де, қағанның басын қытайларға апарып береді.

Тағы қараңыз

Жоғары