( бетінен бағытталды)
| Қаратау томағашөбі | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Scutellarіa karatavіca Juz., 1951 |
Қаратау томағашөбі (лат. Scutellarіa karatavіca) – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 10 – 30 см.
- Тамырсабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала жайылған.
- Сабағы жайылып өседі, сыртын қалың түк жапқан.
- Жапырағының ұзындығы 0,8 – 2 см, ені 0,6 – 2 см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы (сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қалың түкті, бозғылт-жасыл түсті. Сағағы қысқа, оның ұзындығы 7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады.
- Гүлдері түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлінің ұзындығы 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп түтікшеге айналған.
- Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп маусымның аяғы, шілдеде жемістері піседі.
- Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қаратау томағашөбі – өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік.
Өсетін орны мен таралуы
Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Санаттар:
- Еріндігүлділер
- Қазақстан флорасы
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер