| Қарақаралы | |
|---|---|
![]() Қарқаралы өзенінің орманды жағалауы | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 60 км |
| Су алабының ауданы | 570 км² |
| Су алабы | Қарасор |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Үлкен Қарқаралы және Кіші Қарқаралы өзендерінің қосылған жері |
| • Координаттары | 49°25′42″ с. е. 75°33′03″ ш. б. / 49.42833° с. е. 75.55083° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Қарасор көлі |
| • Координаттары | 49°47′31″ с. е. 75°19′06″ ш. б. / 49.79194° с. е. 75.31833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°47′31″ с. е. 75°19′06″ ш. б. / 49.79194° с. е. 75.31833° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы |
Қарқаралы – Қарасор алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Қарқаралы тауларының шығыс етегіндегі бұлақтардан басталатын Үлкен Қарқаралы және Кіші Қарқаралы өзендерінің қосылуынан бастау алып, Қарасор көліне құяды. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 570 км².
Гидрологиясы
Жоғарғы ағысының арнасы тік жарлы, төменгі ағысы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Ақжол ауылы тұсында 0,033 м³/с. Суы көктемгі қар және бұлақ суларымен толығады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы. Басты салалары: Құрөзек, Түлкілі, Тасбұлақ, Мұқтар. Қарқаралы қаласын, т.б. елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Жазда мал суарылады. Жайылмасында шабындық, өзен бойында тал, шілік тоғайы өседі.
- Алфавит бойынша өзендер
- Қарқаралы ауданы өзендері
