Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

48°25′00″ с. е. 75°28′00″ ш. б. / 48.41667° с. е. 75.46667° ш. б. / 48.41667; 75.46667 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°25′00″ с. е. 75°28′00″ ш. б. / 48.41667° с. е

Қарқаралы таулары

  • Басты бет
  • Қарқаралы таулары

Қарқаралы таулары – Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап.

Қарқаралы таулары

Қарқаралы таулары
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Девон, көмір, пермь

Ұзындығы

30-35 км

Ені

20-25 км

Биіктігі

1403 м

Орналасуы

48°25′00″ с. е. 75°28′00″ ш. б. / 48.41667° с. е. 75.46667° ш. б. / 48.41667; 75.46667 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°25′00″ с. е. 75°28′00″ ш. б. / 48.41667° с. е. 75.46667° ш. б. / 48.41667; 75.46667 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орта тұсы

Қарқаралы таулары (Қазақстан)
Қарқаралы таулары (Қазақстан)
Қарқаралы таулары
Қарқаралы таулары (Қарағанды облысы)
Қарқаралы таулары

Мазмұны

Географиялық орны

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орта тұсында орналасқан.

Рельефі

Айналасындағы ұсақ шоқылы, төбелі, белесті жазықтан көп көтеріңкі күмбезді, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылар тобының тізбегінен тұрады. Олар солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30-35 км-ге бір-біріне жалғаса созылып жатыр, ені 20-25 км. Алқаптың солтүстік-батысында Шаңкөз тауы (1360 м), батысында жеті өркешті Көктөбе (1254 м), солтүстік-шығысында осы таулы-орманды алқапқа атауы берілген сүйір шыңды Қарқаралы (1206 м), орта тұсында Мырзашоқы (1169 м), оңтүстігінде Жиренсақал (Комсомол шыңы, 1403 м, алқаптың ең биік нүктесі), оңтүстік шығысында Ақтерек (1230 м), шығысында Жауыртоғай, Найза, Кент (1398 м), Сарт (1066 м) т.б. таулар орын тепкен. Таулары мен шоқыларын Кендара, Құрөзен, Қаратоқа, Оянаға, т.б. тауаралық аңғарлар, кең сайлар бөліп тұарды.

Геологиялық құрылымы

Таулар девон жүйесінің ортаңғы және жоғарғы бөліктерінің эффузивті-тұнба қабаттары мен төменгі көмір және пермьнің гранитоидтарынан, элювийлі-делювийлі шөгінділерінен түзілген.

Климаты

Климаты континенттік, қысы ұзақ әрі суық боранды, қары аз (30 см). Қаңтардың орташа температурасы -14°С, абсолюттік минимумы -49°С. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң. Шілденің орташа температурасы 19°С (абсолюттік максимумы 40°С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм, негізінен, жылы мерізімде жауады.

Су жүйесі

 
Шайтанкөл
 
Бассейн көлі

Өзен жүйесі біршама жиі. Таулардан Қарқаралы (Қараөзек, Түлкілі, Тасбұлақ салаларымен қоса), Жарым, Жарлы өзендерінің оң салалары Қопа, Құрөзен, Кендара, т.б. өзендер бастау алады.Тау басында туристік маңызы бар көркем Шайтанкөл, Бассейн көлі, етегінде Үлкенкөл, Шортанды, т.б. көлдер бар.Қарқаралы таулары жер асты тұщы суларына бай, олардан Суықбұлақ, Тасбұлақ, Сыращы бұлағы, т.б. ағып шығады. Бұлардың Қарқаралы қаласын сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Топырағы мен өсімдігі

Таулардың етектері, аңғарлары мен сайларында аласа таудың қара және күңгірт қоңыр топырақтары тараған. Беткейлерінде қарағай ормандары, жатаған арша, сайлар мен өзендер бойларында қайың, көк терек, түрлі тал, шілік, сары қараған, тобылғы, ырғай, долана, қарақат, аққурай, итмұрын, мойыл, бөріқарақат, тасжарған, т.б. өседі. Қарқаралы таулары орманының 85,4%-ын қарағай, 12%-ын қайың мен көк терек, 2,6%-ын бұталар құрайды. Тегіс жерлерінде бетегелі-селеулі әр түрлі шөптесін дала өсімдіктері, сілтісіз қара топырақты аңғарларының шалғын батпақты жерлері мен көл жағаларында қамыс, құрақ, өлең, қияқ, т.б. өседі.

Жануарлар дүниесі

Жануарлардан - арқар, елік, сілеусін, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, жерсіндірілген тиіндер, жабайы шошқа. Еуропа бұғысы, құр, шіл, бөдене тіршілік етеді. Жапалақ, тоқылдақ, сары шымшық, торғай, қарға, сауысқан, көк кептер жыл бойы мекендейді. Жазда бозторғай, көкек, барылдақ торғай, т.б. ұя салады. Жыртқыш құстардан бүркіт, ителгі, бөктергі, қаршыға кездеседі. Көлдерінде қара құтан, үйрек, қаз, т.б. су құстары ұялайды.

Өңірдің табиғи ескерткіштері

 

Өңірде Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты тауларының ормандарын күтіп қорғайтын, ағаш отырғызатын Қарқаралы орман шаруашылығы орналасқан. 1998 жылы Қарқаралы таулары мен Кент таулары негізінде Қарқаралы ұлттық паркі құрылған. Қарқаралы тауларының табиғат жағдайлары мен рекреациялық қорлары, Қарасор көлінің ем балшығы, Жосалының арасан суы, жергілікті жердің климаты мен қымызы негізінде мұнда республикалық маңызы бар емдеу орындарын салуға, ал табиғи (тау басындағы көлдері, үңгірлері, ғажайып жартастары, өсімдік пен жануарлар дүниесі, т.б.) және тарихи (Қарқаралы тас мүсіндері, Суықбұлақ қонысы, Құнанбай мешіті, т.б.) ескерткіштері халықаралық туризмді дамытуда мүмкіндік береді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Ирландия (арал)

  • Сәуір 09, 2026

    Еуропалық Ресей

  • Наурыз 22, 2026

    Театр

  • Сәуір 06, 2026

    Панфилов ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Батыс Қазақстан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары