Қос Суперфосфат – фосфорлы тыңайтқыштардың байытылған түрі. Оны табиғи фосфаттарға фосфор қышқылын қосу арқылы алады, химиялық формуласы Са(Н2РО4)2. Жай суперфосфатта өсімдікке сіңімді 14 – 19% Р2О5 болса, ал байытылған қос суперфосфатта 42 – 45%. Әдетте қос суперфосфат түйіршік және майда ұнтақталған түрде дайындалады. Қазақстанда фосфор тыңайтқыштарының, соның ішінде қос суперфосфаттың басым бөлігі Тараз, Қаратау қалаларындағы зауыттарда дайындалады.
Пайдаланған әдебиетттер
- "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санат:
- Химия