Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рэйф Натаниел Туислтон-Уайкхем-Файнс (ағылш. Ralph Nathaniel Twisleton-Wykeham-Fiennes,/ˈreɪf ˈfaɪnz/) — ағылшын актёрі, кинопродюсері мен режиссёрі. Сахна мен

Рэйф Файнс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рэйф Файнс
Ralph Fiennes
Сурет
Файнс, 2024 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Рэйф Натаниел Туислтон-Уайкхем-Файнс

Туған күні

22 желтоқсан 1962 (1962-12-22)(63 жас)

Туған жері

Ипсуич, Суффолк, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы
  •  Ұлыбритания
  •  Сербия (құрметті, 2017 жылдан)
Мамандығы
  • актёр
  • кинопродюсер
  • режиссёр
Белсенді жылдары

1985 жылдан

Жұбайы
Алекс Кингстон
(үйл. 1993; аж. 1997)
Туыстары
  • Джозеф Файнс (інісі)
  • Хиро Файнс-Тиффин (жиені)
IMDb

ID 0000146

Ортаққордағы Рэйф Файнс

Рэйф Натаниел Туислтон-Уайкхем-Файнс (ағылш. Ralph Nathaniel Twisleton-Wykeham-Fiennes,/ˈreɪf ˈfaɪnz/) — ағылшын актёрі, кинопродюсері мен режиссёрі. Сахна мен кинодағы еңбегі үшін Файнс BAFTA сыйлығы, Тони жүлдесі, жеті қатар Алтын глобус пен бір Эмми прайм-тайм сыйлығымен марапатталған, үш рет Оскар сыйлығына ұсынылған.

Рэйф ФайнсИспуич, Англияда дүниеге келген, 1985 жылы Драмалық өнер корольдік академиясындағы оқуын бітірді. Шекспир байымдаушысы болған ол Корольдік ұлттық театрда өзін көрсете алып, Корольдік Шекспир компаниясында өнер жасады. 1995 жылы Файнс Бродвей театрындағы дебютін жасады: Гамлеттегі аттас кейіпкердің рөлін сомдағаны үшін ол Тони жүлдесіне қол жеткізді.

Файнс кинодағы дебютін Найзағайлы асу (1992) фильмінде жасады. Шиндлердің тізімі (1993), Ағылшын пациент (1996) пен Конклав (2024) фильмдеріндегі үлесі үшін ол Оскар сыйлығына ұсынылды.

Файнс Хәрри Поттер (2005–2011) франшизасындағы Лорд Волдеморт кейіпкерін және Джеймс Бонд (2012–2021) фильмдеріндегі Гарет Малони / М кейіпкерін сомдағаны үшін дүние жүзінде белгілі болды. Ол, оған қоса, Гранд Будапешт қонақ үйі (2014), Мысыр ханзадасы (1998) мен Лего Фильм: Бэтмен (2017) фильмдерінде рөл сомдады.

Драмалық өнер корольдік академиясындағы оқуы кезінде Файнс ағылшын актрисасы Алекс Кингстонмен танысты. Он жыл бойы олар бірге жүрді де, 1993 жылы үйленді. Файнс Кингстонға Франческа Анниспен опасыздық жасайды да, жұп 1997 жылы ажырасты. Аннис пен Файнс 11 жыл бойы бірге болды да, 2006 жылғы 7 ақпанда айырылысты. 1999 жылдан бері Файнс — Ұлыбританиядағы ЮНИСЕФ өкілі.

Ескертпелер

  1. Кейде есімі Ральф, тегі Файнз деп транслитерацияланады
  2. Есімінің Ральф (Ralph) деп жазылғанына қарамастан ол Рэйф деп оқылады. Бұл британдықтар ескі дәстүрінен шыққан болатын.
Жоғары