| Қошқарата | |
|---|---|
![]() Қошқарата өзенінің орта ағысы | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 78 км |
| Су алабы | Боралдай өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қаратау жотасындағы Ақшоқы, Арқарлы таулары |
| Сағасы | Боралдай өзені |
| • Координаттары | 42°52′09″ с. е. 69°49′48″ ш. б. / 42.86917° с. е. 69.83000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°52′09″ с. е. 69°49′48″ ш. б. / 42.86917° с. е. 69.83000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Түркістан облысы Бәйдібек және Жамбыл облысы Жуалы аудандары |
Қошқарата – Боралдай өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек және Жамбыл облысы Жуалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 78 км.
Бастауы
Бастауын Қаратау жотасындағы Ақшоқы, Арқарлы тауларынан алып, Бәйдібек ауданындағы Қаратас ауылының солтүстігінде 10 км жерде Боралдай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы арнасы тау шатқалымен өтеді, төменгі ағысында арнасы тар, тік жарлар кездеседі. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары басым. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2-0,4 г/л.
Шаруашылықтағы қолданысы
Жергілікті тұрғындар Қошқаратаның суын егін, бау-бақша суғаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен 10-ға жуық ирригациялық каналдар тартылған.
- Алфавит бойынша өзендер
- Жуалы ауданы өзендері
- Бәйдібек ауданы өзендері
- Сырдария су алабы
