Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Андреас Кристенсен (дат. Andreas Christensen; 10 сәуір 1996 жыл, Лиллерёд, Дания) — даниялық футболшы, "Барселона" клубы мен Дания құрамасының қорғаушысы. 2018

Андреас Кристенсен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Андреас КристенсенФутбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 сәуір 1996 (1996-04-10)(30 жас)

Туған жері

Лиллерёд, Дания

Азаматтығы

 Дания

Бойы

187 см

Салмағы

81 кг

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Жастар клубы
2004—2012 Дания Брондбю
2012—2014 Англия Челси ФК академиясы
Клуб карьерасы
2014—2022 Англия Челси 93 (0)
2015—2017 →  Германия Боруссия (М) 62 (5)
2022— Испания Барселона 58 (3)
Ұлттық құрамы
2015—  Дания 74 (3)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Андреас Кристенсен (дат. Andreas Christensen; 10 сәуір 1996 жыл, Лиллерёд, Дания) — даниялық футболшы, "Барселона" клубы мен Дания құрамасының қорғаушысы. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Мансабы

"Брондбю" клубының түлегі. 16 жасында "Челсидің" жасөспірімдерді дайындайтын академиясына ауысты. 2014 жылы карьерасын осы Челси клубында бастады. Челсиде жүріп көптеген ірі турнирлерде топ жарды. 2022 жылы еркін агент ретіңде Челси сапынан кетті.

2015 жылы "Боруссия Менхенгладбах" клубына жалға берілді де, екі маусымнан соң "Челсиге" оралды. Өзінің кәсіпқой деңгейдегі тұңғыш голдарын "Боруссия" сапында жүріп соқты.

2022 жылы еркін агент ретінде "Барселона" футбол клубының сапына қосылды.

Ұлттық құрамада

Данияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2015 жылы 8 маусымда Черногорияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері

Командалық

Англия Челси

  • Англия Лига кубогы: 2015
  • Англия кубогы: 2017/18
  • УЕФА Еуропа лигасы: 2018/19
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2020/21
  • УЕФА Суперкубогы: 2021
  • Клубтар арасыңдағы әлем чемпиноты: 2021

Испания Барселона

  • Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25
  • Испания кубогы: 2024/25
  • Испания суперкубогы: 2023, 2025

Жеке

  • Даниядағы жыл таланты: 2015

Сілтемелер

Жоғары