| Аудан | |
| Қошқар ауданы | |
| Кочкор району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Қошқар ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 58 267 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 98,8 % |
| Ресми тілі | |
| Телефон коды | +996 03535 |
| Пошта индекстері | 722640 |
| Автомобиль коды | H, N, 05 |
|
| |
Қошқар ауданы (қыр. Кочкор району) — Қырғызстан Республикасының Нарын облысындағы аудан. 1939 жылы 23 тамызда құрылды. Әкімшілік орталығы — Қошқар ауылы. 1939 жылдың 21 қазаны мен 1962 жылдың 30 желтоқсаны аралығында Тянь-Шань облысы құрамында болды, Нарын облысында 1970 жылдың 11 желтоқсанынан бері.

Географиясы
Қошқар ауданы Нарын облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Қырғызстанның Шу, шығысында — Ыстықкөл облыстарымен шектеседі.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағына сәйкес, ауданда 58267 адам тұрады, оның ішінде қырғыздар 57 582 адам немесе 98,8%, дүнгендер - 299 адам немесе 0,5%, өзбектер - 146 адам немесе 0,3% .
Әкімшілік бөлінуі
Қошқар ауданының құрамына 11 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
- Ақ-Қия — Қара-Су а.
- Қара-Су — Мантыш а.
- Қошқар — Қошқар а.
- Көш-Дебе — Қара Саз а.
- Құм-Дебе — Құм-Дебе а.
- Сары-Бұлақ — Ақ-Қия а.
- Семіз-Бел — Қара-Тау
- Тала-Бұлақ — Ден-Алыш а.
- Кек-Жар — Кек-Жар а.
- Чолпон — Чолпон а.
- Сон-Көл — Телек а.
- Қошқар ауданы