Қоғамдық пікір - қайшылықты қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйі, адамдардың ірі топтарының осы жағдайларға қатынастарын бейнелейді; бір нәрсе немесе біреу жөнінде қоғамда көпшілік адамдарда сол бір сәтте қалыптасқан пікір.
Қоғамдық пікір мен қоғамдық пікіртерім
Қоғамдық пікір мен қоғамдық пікіртерім – қоғам мүшелерінің ағымдық істер не саяси мәселелер бойынша позициясының көрсеткіші. Қоғамдық пікірді зерттеу мен қоршаған орта жайлы дұрыс ақпарат алу үшін пікіртерім әдісі қолданылады. Пікіртерім - алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың бір әдісі. Сұраудың екі негізгі әдісі бар: ауызша - анкета (сауалнама), жазбаша - сұхбат алу. Қазіргі кезде пікіртерім әлеуметтануда кең таралған әдіс болып табылады, барлық қоғамдық салада әлеуметтік пікірді зерделеу үшін қолданылады.
- Әлеуметтану