Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арабтар Ислам діні келгенге дейін де жазумен жақсы таныс болған. VII ғасырда араб жазуы тек негізгі белгілерден құралып, олар тек бір әріпті емес, әріптер тобын

Құранды жазу

  • Басты бет
  • Құранды жазу
Хиджаздық жазумен жазылған Құран беті, Һуд сүресі

Арабтар Ислам діні келгенге дейін де жазумен жақсы таныс болған. VII ғасырда араб жазуы тек негізгі белгілерден құралып, олар тек бір әріпті емес, әріптер тобын білдіретін болған. Мысалға арабтың «ب, ت, ث» әріптерін қазіргі заманда асты-үстіндегі нүктелер арқылы оп-оңай айыруға болатын болса, Мұхаммед пайғамбар ﷺ заманында олар түртіктерсіз, бірқалыпты жазылған. Бұл әліппенің негізі Солтүстік Арабияда Ислам келмей тұрып мың жыл бұрын қолдана басталған набатей жазуынан алынған, ал ол кезегінде ежелгісириялық жазу әсер еткен.


Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі

Ислам мәдениеті

Архитектура

Араб ·Әзірбайжандық
Үнді-Ислам ·Айуандар ·Малайлық
Мавритан · Марокколық · Моғол
Османдық ·Парсы ·Рази стилі
Судандық · Татар
Қазақ ·Орта Азиялық

Өнер

Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер
Орта Азиялық миниатюра мектебі
Тебриз миниатюра мектебі
Үндістандағы ерте ислам өнері
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері

Киім әдебі

Абайя ·Иқал ·Боубоу
Бурқа ·Чадра · Джаләбия
Ниқаб ·Шалбар қамис ·Сонгкок
Тақия · Куфия ·Сәуб
Джильбаб ·Хиджаб ·Феска

Мейрамдар

Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт
Қадір түні ·Мәулид ·Рамазан

Әдебиет

Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық
Индонезиялық · Явалық ·Кашмирлық
Күрд ·Малай ·Парсы ·Пенджаб ·Синд
Сомалилық ·Түрік ·Қазақ ·Урду

Ислам порталы
к · т · ө

Одан кейін бұл жазу үлгісі араб жазуының екі қаріпіне: куфалық және хиджаздық жазу үлгісіне дамыды. Куфалық жазу қатаң геометриялық тәртіпті ұстанған, шағын емес жазу болды. Ал хиджаздық жазу куфалыққа қарағанда шағын болды және жазғанда оң жаққа қисайтылып жазылатын болды. Қай жазу үлгісінің ертерек шыққаны туралы зерттеушілер арасында келіспеушіліктер бар, алайда хиджаздық қаріптің куфалыққа қарағанда ресми деңгейі төмен болды.

Құран жазу үлгісінің қазіргі қалыпқа келуі бірнеше кезеңнен тұрды:

  • Бірінші кезеңде Құрандағы әріптердің үстіне дыбысталуы (харакаттар) қойылды. Бұны сахабалардың атқты шәкірті Әбул-Асуад әд-Дуали болды. Бастапқыда харакаттарды білдіру үшін қалың нүктелер қолданды: әріптің үстінде болса — фатха, астында болса — кәсра, әріптен кейін болса — дамма. Фатха белгісі «ا» (әлиф) әрпінен, кәсра белгісі «ي» (йә) әрпінен, әл дамма белгісі «و» (уәу) әрпінен шыққан деп есептелінелі.
  • Екінші кезеңде әріптердің үсті-астындағы диакритикалық нүктелер (иғджам) қойылды. Бұған дейін араб жазуы нүктелерсіз, тек сызықтар арқылы жазылатын, сондықтан Құран кітапты оқу тек оны жатқа білетін адамдардың қолынан келетін еді. Арабтар бұл диакритикалық нүктелерді Исламға дейін де қолданған, бірақ бұл өте сирек кездесетін еді. Умәйя әулетінің халифасы Абдул-Малик ибн Маруанның кезінде жүздеген мың мұсылмандар Құранды оқуға мұқтаж болғасын ол Құрандағы әріптердің нүктесін қоюды Ирак әмірі Хәджадж ибн Юсуфқа жүктейді. Әл-Хәджадждың әмірімен бұл жұмысты Наср ибн Асым мен Хәй ибн Яғмур орындайды.
  • Үшінші кезең Құранның қазіргі замандағы басылымдары. Алғашқы кезеңдердегі Құран нұсқаларында харакаттар мен диакритикалық нүктелер болмай, оларды көрнекті мұсылман ғалымдары Құранға орнықтырғанмен, сол кездегі Құрандағы жазу қазіргі таңда қабылданған араб жазуынан өзгеше болды — әлиф әрпі көбінесе алдыңғы әріптен кейін емес, оның үстіне жазылды, кейде «йә» мен «әлиф» әріптері жәй ғана жазылмай кететін (الرحمان — الرحمن), кей жерлерде «әлифтің» орнына «уәу» әрпі қолданылды (الصلاة — الصلوة).

Тағы қараңыз

  • Құран
  • Араб каллиграфиясы
  • Араб жазуы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Достық (айрық)

  • Сәуір 08, 2026

    Амур облысы

  • Сәуір 04, 2026

    Электр станциясы

  • Сәуір 03, 2026

    Солтүстік Корея

  • Сәуір 06, 2026

    Ілік септік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары