![]() Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
|---|
| Архитектура |
| Араб ·Әзірбайжандық |
| Өнер |
| Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
| Киім әдебі |
| Абайя ·Иқал ·Боубоу |
| Мейрамдар |
| Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт |
| Әдебиет |
| Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
|
|
Ислам әдебиеті — Ислам дінінің шариғатына, оның заңдарына немесе сенім-нанымына арналған кітаптар немесе Исламның тікелей әсерінен, мұсылмандық ортасында дүниеге келген әдеби көркем шығармалар (мыс.: «Мың бір түн»). Ислам әдебиетінің басты кітабы ретінде Аллаһтың сөзі Құран Кәрімді, одан кейін маңыздылығы жағынан Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хадистері жиналған кітаптар аталады. Мысалға «алты кітап» атанатын атақты имамдардың хадис жинақтары:
- Сахих әл-Бұхари
- Сахих Муслим
- Сунан Әбу Дәуд
- Жамиғ әт-Тирмизи
- Әс-Сунан әс-Суғра
- Сунан Ибн Маджаһ
Көркем әдебиеттің мысалы ретінде әлемге әйгілі фантастикалық әңгәмелер жиналған «Мың бір түн» жинағын айтуға болады. Шаһерезаданың атынан айтылатын бұл әңгімелер 10 ғ. шамасында жинала бастап, 14 ғ. толығымен құралып болады. Бұл жинақтың құрамындағы хикаялар уақыт өте өзгере беріп, ерте заманда орын алған оқиғалармен бірге салыстырмалы түрде жаңа әңгімелер де араласқан.

Фирдоусидың Парсы елінің ежелгі тарихын баяндайтын ұлттық эпосы да Ислам әдебиетіне жатқызылады. Оның бас кейіпкері әмір Арсалан қазіргі күнге шейін көптеген шығармалардың кейіпкері.
Ислам әдебиетіне көбінесе осы халықтардың әдеби шығармаларын жатқызады:
- Араб әдебиеті
- Иран әдебиеті:
- Парсы әдебиеті
- Курд әдебиеті
- Оңтүстік Азия әдебиеті:
- Урду әдебиеті
- Кашмир әдебиеті
- Синдхи әдебиеті
- Бенгал әдебиеті
- Пәкістан әдебиеті
- Түркі әдебиеті:
- Әзербайжан әдебиеті
- Түрік әдебиеті
- Әдебиет
- Ислам
