Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) — омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы о

Құрсақ қуысы

  • Басты бет
  • Құрсақ қуысы

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) — омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында арналар болады. Көптеген балықтардың құрсақ қуысы сыртқы ортамен абдоминал саңылаулары арқылы қатысады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарда құрсақ қуысының алдыңғы жағында кеуде қуысы орналасқан, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда кеуде қуысы құрсақ қуысына қарай еніп жатады.

Адамның құрсақ қуысы — алдыңғы жағы мен екі бүйірінде қиғаш және көлденең құрсақ бұлшық еттері мен олардың жалпақ сіңірлері, артқы жағында бел омыртқалар, жоғарыда көк ет, төменде жамбас қуысымен жалғасатын мықын және шат сүйектерінің алдыңғы жиектерімен шектеледі. Құрсақ қуысын кеуде қуысынан көк ет бөліп тұрады, ішкі беті сірі қабықпен көмкерілген. Құстарда және төменгі сатыдағы cүтқоректі жануарларда көк ет болмайды. Құрсақ қуысында ішек-қарын, бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек үсті безі және несеп, жыныс органдары орналасқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Көксу ауданы

  • Наурыз 18, 2026

    Жүйке жүйесі

  • Наурыз 11, 2026

    Орта жүз

  • Сәуір 04, 2026

    Үлкен Сарышығанақ

  • Наурыз 12, 2026

    Екінші дүниежүзілік соғыс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары