Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Құтлұқ Темір (?? — 1336) — Алтын Орданың мемлекеттік қайраткері, 1309-1321 жылдары Алтын Орданың беклербегі, 1322-1336 жылдары төрт қарашы бектің бірі және Хоре

Құтлұқ Темір

  • Басты бет
  • Құтлұқ Темір

Құтлұқ Темір (?? — 1336) — Алтын Орданың мемлекеттік қайраткері, 1309-1321 жылдары Алтын Орданың беклербегі, 1322-1336 жылдары төрт қарашы бектің бірі және Хорезм ұлысбегі.

Құтлұқ Темір
Лауазымы
Алтын Орданың беклербегі
1309 — 1321
Ізашары Елбасмыш, Тоқта хан ұлы
Ізбасары Исатай Қият
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1260-1270
Қайтыс болуы 1336 (1336)
Династия Оңғұт
Әкесі Құртұқа
Балалары Харунбек
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Өмірбаяны

Шыққан тегі

Құтлұқ Темірдің әкесі Құртұқа, Оңғұт руынан шыққан Оңгу Темірдің ұлы. Құтлұқ Темірдің анасы Алтын Орда ханы Меңгу Темірдің қызы, Тоқта ханның қарындасы болған. Құтлұқ Темірдің немере ағасы Толұқ Темір Хорезмнің билеушісі болған. Құтлұқ Темірдің інілері Мұхаммед Қожа мен Сарай Темір Азақ пен Қырымның әмірлері болған. Тоғрыл ханның жесірі, Өзбек ханның өгей шешесі болған Баялун мен оның інісі Хорезмді билеген Байтемір әмір, Құтлұқ Темірдің туыстары. Қортындылай келгенде Құтлық Темір Алтын Орданың ең зиялы және текті әулеттерінен шыққандығы белгілі.

Беклербегі лауазымында

1309/1310 жылы Тоқта ханның тұңғыш ұлы әрі мұрагері Елбасмыш қайтыс болғаннан кейін, Құтлұқ Темір беклербегі болып, Орданың ханнан кейінгі ең жоғарғы лауазымына тағайындалады. 1313 жылы жиені Өзбекті хандық билікке әкелген төңкерісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Ол жаңа билеушінің саяси қарсыластарын жоюға, оның ішінде алдыңғы мұрагердің жақтасы Кадак әмірді өлтіруге белсене қатысты. Өзбекті қолдағаны үшін беклербегі атауына қоса Хорезм ұлысының әмірі болып тағайындалады.

Құтлұқ-Темір Өзбек ханның қарамағындағы әмірлері мен кеңесшілерінің арасында айтарлықтай ықпалға ие болды. Оның кеңесі бойынша хан Иран тағына таласудан бас тартты. Себебі Құтлұқ-Темір үлкен соғыс Орданың саудасы мен ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіреді деген оймен, Хулагу әулетімен соғысуға қарсы болды. 1315 жылы Хорезмге Елхандықтарға өткен Өзбектің бұрынғы жақтасы Баба Оғұл шабуыл жасайды. Құтлұқ Темір шабуылға тойтарыс беру үшін үлкен күшпен аттанады, бірақ оның әскерлерінің бір бөлігі қашып кетеді. Нәтижесінде жау өңірдегі бірнеше қаланы уақытша басып алып, тонап кетеді.

Құтлұқ-Темір Өзбек ханның Византия, Үндістан және Батыс Еуропа елдерімен дипломатиялық қатынастарын басқарады. Құтлұқ-Темірдің қатысуымен Мысырмен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылады. Мысыр сұлтанымен отбасылық одақ құрылып, Құтлұқ-Темір Өзбектің немере қарындасы Тұлынбай ханшайым мен сұлтан ан-Насыр Мұхаммед екеуінің некесін ұйымдастырады.

Хорезм ұлысбегі

Құтлұқ-Темір Каваказдағы (1318–1319) және қарлы боранмен үзілген Хорасандық (1320–1321) сәтсіз жорықтырға қатысады. Осы сәтсіздіктерден кейін ол қызметінен уақытша босатылып, беклербегі атауы Исатай Қияттың қолына өтеді. Бірақ беделі мен хандық туыстығының арқасында Хорезм билеушісі және ханның төрт қарашы бегінің бірі болып қала береді. Кейін беклербегі лауазымында уақытша қалпына келтіріліп, қайта босатылып, өмірінің соңын Хорезм билеушісі ретінде өткізеді.

Шамамен 1334–1335 жылдары ол әйгілі саяхатшы Ибн Баттутамен кездеседі. Ибн Батута Құтлұқ Темірді ең ықпалды әмірлердің бірі және «Хорезм билеушісі» деп сипаттайды. Батутаның бақылауларына сәйкес, Құтлұқ Темір аяғына тұз байлануымен ауырған, бірақ белсенді болып, күн сайын қол астындағылар арасындағы шағымдар мен дауларын шешетін, делінген.

Шамаен 1336 жылы (Хижраның 736 жылы) Хорезмде, Үргеніш (кәзір Көнеүргеніш) қаласында қайтыс болады.

Хорезмдегі оның қатысуымен салынған және оның құрметіне аталған Құтлұқ Темір мұнарасында ол «құдіретті мелік, арабтар мен араб еместердің патшаларының қамқоршысы, жер әлемі мен иманының сәні, ислам мен мұсылмандардың ұлылығы» деген атақтармен аталады.

Ұрпақтары

Артынан Харунбек атты ұлы қалды, ол Өзбек ханның қызына үйленген еді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Омар Һайям

  • Сәуір 06, 2026

    Солтүстік Дакота

  • Сәуір 08, 2026

    Байзақ ауданы

  • Сәуір 10, 2026

    Хан Тәңірі шыңы

  • Сәуір 09, 2026

    Садақ журналы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары