Өзбек хан (Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан; шам. 1280 жыл – 1341 жыл) — Алтын Орда ханы (1313–1341). Бату хан әулетінен, Меңгу Темір ханның немересі.
| Өзбек хан Сұлтан Мұхаммед | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1312 — 1341 | ||
| Ізашары | Тоқта хан | |
| Ізбасары | Тыныбек хан | |
| Өмірбаяны | ||
| Діні | Ислам | |
| Дүниеге келуі | 1280 | |
| Қайтыс болуы | 1341 Сарай Бату, Алтын Орда | |
| Жерленді | Сарай Берке | |
| Әкесі | Тоғылық | |
| Балалары | Тыныбек, Жәнібек, Хызырбек | |
| өңдеу | ||

Басшылығы
Алтын Орда билігіне Тоқта хан өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді. Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер болды. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Өзбек ханның Шыңғыс хан ұрпақтарынан ислам дініне кіргісі келмегендерін аяусыз жазалағаны туралы мәліметтер кездеседі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғыс өкілдері мен нояндарының Ордадан Мәскеу кінәздеріне қызметке көптеп кетуін осы оқиғалармен байланыстырады. Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен экон. дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықар. қатынастар мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын Орданың екінші астанасы – Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі сарайлар салынды. Оның тұсында Алтын Ордаға бағынышты орыс кінәздіктерінің ішінде Мәскеу ерекше күшейді. Өзбек хан Ұлы Владимир кінәздігі үшін болған күресте Мәскеу кінәздеріне қолдау көрсетті. Өзінен бұрынғы хандар сияқты Өзбек хан да Русьтегі православие дінін қудалаған жоқ, қайта олардың барлық жеңілдіктерін сақтады. Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломат. байланысын жандандырды. 1319, 1335 жылдары Хулагу иелігіндегі Әзірбайжанға екі рет жорық жасады. Өзбек хан 1330 жылы Ақ Орда хандарының бұрынғы тәуелді кезін қалпына келтіру үшін Мүбәрәк қожамен соғысып, ұлы Тыныбекті Сығанақ қ-нда хан тағына отырғызды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды.