Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.
| Үлкен Алматы көлі | |
![]() | |
| Үлкен Алматы көлі, маусым | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 2511 м |
| Өлшемі | 1,6 × 0,75-тен 1 км |
| Көлемі | 0,014 км³ |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 3 км |
| Тереңдігі | 38 м |
| Орташа тереңдігі | 25 м |
| Су алабы | |
| Құятын өзен | Үлкен Алматы |
| Шығатын өзен | Үлкен Алматы |
| Орналасуы | |
| 43°03′02″ с. е. 76°59′06″ ш. б. / 43.0506° с. е. 76.985° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°03′02″ с. е. 76°59′06″ ш. б. / 43.0506° с. е. 76.985° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы |

Климаты
Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.
Көл аумақтарына рұқсат етiлмейдi
- табиғи нысандарды, тарих, мәдениеттiң ескерткiштерiн жою, бұзу;
- суаттар және топырақтарды ластау;
- тұрмыстық қалдықтармен аумақты ластау;
- өз бетiмен аң, балық аулау, ұяларды, құмырсқа илеулерiн ойсырату;
- ағаштарды өз бетiмен заңсыз кесу және сындыру;
- от жағу;
- әдемi гүлдеген және дәрiлiк өсiмдiктердi жинау;
- саңырауқұлақ, жидек, жемiстердi рұқсатсыз жинау;
- өз бетiмен мал бағу және пiшен шабу;
- үй жануарларымен жүру (иттер, мысықтар);
- туристтiк тұрақтардың құрылымы орындардан тыс әдейi апарылған
- тастағы жазуларды, қанды ағаштарға ұру
- рұқсатсыз ғылыми, iзденiс жұмыстарын жүргізу;
- орынға баратын арнайы жолдарды машиналардың өз бетінше айналып өтіп, баруы.
