Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. Аудан орталығы — Шонжы ауылы.

Ұйғыр ауданы

  • Басты бет
  • Ұйғыр ауданы

Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. Аудан орталығы — Шонжы ауылы.

Қазақстан ауданы
Ұйғыр ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Шонжы

Ауылдық округтер саны

14

Ауыл саны

25

Әкімі

Бота Серікқызы Елеусізова

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, №73

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°27′06″ с. е. 79°24′09″ ш. б. / 43.45167° с. е. 79.40250° ш. б. / 43.45167; 79.40250 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°27′06″ с. е. 79°24′09″ ш. б. / 43.45167° с. е. 79.40250° ш. б. / 43.45167; 79.40250 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

8,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

61 499 адам (2025)

Ұлттық құрамы

ұйғырлар (55,89%), қазақтар (41,63%), орыстар (1,36%), өзбектер (0,27%), басқалары (0,85%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041800-041817

Автомобиль коды

05

Ұйғыр ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Ұйғыр ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Жетісу облысының Панфилов ауданымен, шығысында Қытаймен, батысында Еңбекшіқазақ ауданымен, оңтүстігінде Кеген, Райымбек аудандарымен шектеседі.

Жер бедері

Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сөгеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмұрыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жануарлардан: Тянь Шань қоңыр аюы, таутеке, шошқа (доңыз), елік, борсық, суыр, қасқыр, түлкі, қоян, ақтиін, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар, қырғи, т.б. мекендейді.

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылыға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, астық, бау-бақша, көкөніс, картоп, құс өсіруге маманданған 3 кеңшар, 18 ұжымшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде 2 акционерлік қоғам, 13 ЖШС, 1,5 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылды. Республика, облысы бағыныстағы Үйғыр аудданының салық к-ті, Шонжы мемлекеттік қазыналық көсіпорыны, № 2534- әскери бөлімше, ішкі істер бөлімі, прокуратура, халықтық сот, аудандық электр энергия жүйесі, телекоммуникация, "Су торабы" кәсіпорны, т.б. мекемелер орналасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002).

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 18242 ▲25812 ▲47276 ▲53435 ▲58411 ▲62981 ▼60792 ▲63598

Аудан халқының саны 63 288 адам (2019), ұлттық құрамы: ұйғырлар (57,91%), қазақтар (40,06%), орыстар (1,58%), өзбектер (0,17%), басқалары (0,45%).

Әкімшілік бөлінісі

25 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ават ауылдық округі 2324 ▼1886 81,2 1196 ▼1020 85,3 1128 ▼866 76,8
Ақсу ауылдық округі 5346 ▼5083 95,1 2687 ▼2599 96,7 2659 ▼2484 93,4
Ақтам ауылдық округі 1846 ▲2023 109,6 925 ▲1045 113 921 ▲978 106,2
Бахар ауылдық округі 2989 ▲3087 103,3 1493 ▲1569 105,1 1496 ▲1518 101,5
Дардамты ауылдық округі 4134 ▼3858 93,3 2128 ▼2050 96,3 2006 ▼1808 90,1
Кетпен ауылдық округі 3268 ▼3039 93 1643 ▼1567 95,4 1625 ▼1472 90,6
Кіші Диқан ауылдық округі 2944 ▼2640 89,7 1529 ▼1347 88,1 1415 ▼1293 91,4
Қалжат ауылдық округі 2280 ▼2244 98,4 1152 ▼1148 99,7 1128 ▼1096 97,2
Қырғызсай ауылдық округі 2368 ▲2434 102,8 1164 ▲1242 106,7 1204 ▼1192 99
Сүмбе ауылдық округі 4277 ▼3736 87,4 2206 ▼1979 89,7 2071 ▼1757 84,8
Тасқарасу ауылдық округі 2820 ▲2981 105,7 1399 ▲1544 110,4 1421 ▲1437 101,1
Тегермен ауылдық округі 2616 ▼2283 87,3 1318 ▼1206 91,5 1298 ▼1077 83
Шарын ауылдық округі 5572 ▲6236 111,9 2833 ▲3240 114,4 2739 ▲2996 109,4
Шонжы ауылдық округі 18008 ▲22068 122,5 8805 ▲10965 124,5 9203 ▲11103 120,6
ЖАЛПЫ САНЫ 60792 ▲63598 104,6 30478 ▲32521 106,7 30314 ▲31077 102,5

Инфрақұрылымы

Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар. Сонымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомобиль жолы өтеді.

Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжы ауданына дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Ұлан ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Алаша хан

  • Сәуір 05, 2026

    Саяси жүйе

  • Сәуір 03, 2026

    Чех тілі

  • Наурыз 29, 2026

    Еуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізімі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары