Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Еңбекшіқазақ ауданы — Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Есік қаласы.

Еңбекшіқазақ ауданы

  • Басты бет
  • Еңбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы — Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Есік қаласы.

Қазақстан ауданы
Еңбекшіқазақ ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Есік

Ауылдық округтер саны

25

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

78

Қала саны

1

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, №21а

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°21′11″ с. е. 77°32′21″ ш. б. / 43.35306° с. е. 77.53917° ш. б. / 43.35306; 77.53917 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°21′11″ с. е. 77°32′21″ ш. б. / 43.35306° с. е. 77.53917° ш. б. / 43.35306; 77.53917 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

8,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

284 334 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (57,58%), ұйғырлар (17,76%), орыстар (12,82%), түріктер (4,87%), әзербайжандар (1,51%), күрдтер (1,32%), татарлар (0,55%), шешендер (0,54%), қырғыздар (0,53%), немістер (0,44%), өзбектер (0,41%), корейлер (0,36%), басқалары (1,31%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040400-040462

Автомобиль коды

05

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Еңбекшіқазақ ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері және табиғаты

Солтүстігінде Қапшағай су қоймасы арқылы Қонаев қаласымен және Жетісу облысының Кербұлақ ауданымен, шығысында Ұйғыр ауданымен, батысында Талғар ауданымен, оңтүстігінде Кеген ауданымен шектеседі.

Ауданның оңтүстігін Іле Алатауының Қараш, шығысын, оңтүстік-шығысын Бақай тауы, Сарытау, Сөгеті, Торайғыр таулары, қиыр шығысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік жері оңтүстік-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз тауы (4241 м). Аудан жері солтүстікке қарай ылдиланып Қапшағай су қоймасына тіреледі. Бұл жазық келген өңірінде Іле ойысы жатыр. Таулардан Есік, Түрген, Киікбай, Шолақ, Шыбықты, Белшабдар, Қаратұрық, Лаварсаз, Асы және Шілік өзендері бастау алады. Шілік өзеніндегі Бартоғай бөгенінен Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бастау алып, шығыстан батысқа қарай ағып өтеді. Таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (Есік, Жасылкөл, т.б.) кездеседі. Өзендерде бірнеше кішігірім СЭС-тер салынған. Толқын ауылы тұсында арнайы балық өсіруге арналған Есдәулетсай тоғаны, Түрген шатқалында бахтах (форель) шаруашылығы ұйымдастырылған. Аудан аумағында Алматы қорығы, Есік обасы («Алтын адам» мүрдесі табылған), Тянь-Шань шыршасы өсетін Шыңтүрген (Шымтүрген) шыршалығы (889 га) орналасқан. Тау бөктерлерінде Таутүрген, Қорам минералды бұлақтары бар. Шіліккемерде құм мен кесектас өндіріледі. Бұғыты тауларында вольфрам кен орны барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 – 60 см). Қаңтар айының орташа температурасы –6 – 10°С, кейде температура –28 – 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20 – 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық өңірде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 550 – 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тау алдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен. Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Тау етегі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көктерек, емен, өрік, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Жануарлардан қоңыр аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жерлерде елік, борсық, суыр, қырғауыл, т.б. мекендейді. Су айдындары балыққа бай.

Ауыл шаруашылығы

Ауданында суармалы және тәлімді (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой шаруашылығы бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібінің салалары жақсы дамыған. Ірілері: «Филипп – Моррис», «Фудмастер», «Голд продукт», «Есік жүзім зауыты», «Дионис», «Елес» т.б. Өсімдік шаруашылығында егістің басым бөлігі (80%) астық шаруашылығының үлесіне келеді. Еңбекшіқазақ ауданы жерінен Алматы – Райымбек, Алматы – Жаркент автомобобиль жолы өтеді. Есік қаласынан облыс орталығы – Талдықорған қаласына дейінгі арақашықтық 340 км.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 34471 ▲55656 ▲91063 ▲104351 ▲113935 ▲202659 ▲257506 ▲278581

Тұрғындар саны – 300427 адам (2019). 40-тан астам ұлттың өкілдері тұрады, оның ішінде: қазақтар (57,50%), орыстар (13,15%), түріктер (4,80%), ұйғырлар (17,67%), әзербайжандар (1,47%), күрдтер (1,26%), татарлар (0,56%), шешендер (0,55%), қырғыздар (0,50%), немістер (0,45%), корейлер (0,38%), өзбектер (0,39%), украиндар (0,22%), гректер (0,22%), поляктар (0,12%), басқалары (0,76%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 79 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 25 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ават ауылдық округі 5670 ▼4314 76,1 2793 ▼2130 76,3 2877 ▼2184 75,9
Ақши ауылдық округі 6421 ▼5426 84,5 3173 ▼2769 87,3 3248 ▼2657 81,8
Аса ауылдық округі 9047 ▲9320 103 4529 ▲4791 105,8 4518 ▲4529 100,2
Балтабай ауылдық округі 8510 ▲9784 115 4211 ▲4924 116,9 4299 ▲4860 113
Бартоғай ауылдық округі 7720 ▼6906 89,5 3376 ▲3478 103 4344 ▼3428 78,9
Бәйдібек би ауылдық округі 9802 ▲10444 106,5 4690 ▲5145 109,7 5112 ▲5299 103,7
Бәйтерек ауылдық округі 13541 ▲13894 102,6 6318 ▲6763 107 7223 ▼7131 98,7
Бөлек ауылдық округі 7861 ▼7533 95,8 3871 ▼3746 96,8 3990 ▼3787 94,9
Есік қалалық әкімдігі 34355 ▲41018 119,4 16500 ▲19863 120,4 17855 ▲21155 118,5
Жаңашар ауылдық округі 6673 ▲8394 125,8 3260 ▲4156 127,5 3413 ▲4238 124,2
Көктөбе ауылдық округі 12137 ▲14396 118,6 5980 ▲7231 120,9 6157 ▲7165 116,4
Қазақстан ауылдық округі 8150 ▲9116 111,9 4103 ▲4633 112,9 4047 ▲4483 110,8
Қаражота ауылдық округі 6692 ▼4602 68,8 3366 ▼2373 70,5 3326 ▼2229 67
Қаракемер ауылдық округі 6513 ▲8620 132,4 3259 ▲4409 135,3 3254 ▲4211 129,4
Қаратұрық ауылдық округі 12693 ▲12788 100,7 6298 ▲6502 103,2 6395 ▼6286 98,3
Қорам ауылдық округі 5979 ▲6479 108,4 2948 ▲3347 113,5 3031 ▲3132 103,3
Қырбалтабай ауылдық округі 4998 ▼3242 64,9 2502 ▼1696 67,8 2496 ▼1546 61,9
Малыбай ауылдық округі 5198 ▼4411 84,9 2386 ▼2216 92,9 2812 ▼2195 78,1
Масақ ауылдық округі 5309 ▼4270 80,4 2706 ▼2205 81,5 2603 ▼2065 79,3
Рахат ауылдық округі 19032 ▲28022 147,2 9459 ▲14066 148,7 9573 ▲13956 145,8
Саймасай ауылдық округі 6303 ▲6916 109,7 3130 ▲3366 107,5 3173 ▲3550 111,9
Сөгеті ауылдық округі 4176 ▼2891 69,2 2105 ▼1518 72,1 2071 ▼1373 66,3
Ташкенсаз ауылдық округі 3794 ▲4607 121,4 1914 ▲2317 121,1 1880 ▲2290 121,8
Тескенсу ауылдық округі 6391 ▲6601 103,3 3219 ▲3372 104,8 3172 ▲3229 101,8
Түрген ауылдық округі 12781 ▲14446 113 6330 ▲7209 113,9 6451 ▲7237 112,2
Шелек ауылдық округі 27760 ▲30141 108,6 13650 ▲15150 111 14110 ▲14991 106,2
ЖАЛПЫ САНЫ 257506 ▲278581 108,2 126076 ▲139375 110,5 131430 ▲139206 105,9

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 75 мектеп, гимназия, педагогика, заң және медициналық колледждер, 2 балабақша, 5 оқу-өндірістік комбинаты, 2 музей бар. Ауданы аурухана мен емхана, елді мекендерде 6 аурухана, 33 дәрігерлік амбулатория, 16 фельдшер-акушерлік және 23 фельдшер пункт, т.б. мектептер бар (2004).

Еңбекшіқазақ ауылы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1471 км, оның ішінде 238-і республика, 689 км-і облыстық маңызы бар жолдар, ал 544 км-і елді мекендердің аралығындағы және ауыл ішілік жолдар.

Танымал тұлғалары

Ауданнан елге танымал Т.Молдағалиев, М.Құмарова, Қ.Қожамияров, Қ.Қарсақбаев, Х.Абдуллин, Ғалымбаева, Тұрлығазы Шаяхметұлы т.б. мәдениет қайраткерлері, А.Розыбакиев сынды тарихи тұлғалар шыққан.

Мәдени мұра

Еңбекшіқазақ ауданында республика және облыстық маңызы бар архитектура-мәдени ескерткіштер көп. Есік қаласы маңында және Түрген шатқалында осы өңірден табылған (1969) "Алтын адамға" ескерткіш орнатылған. Елді мекендерде 1, 2-дүниежүзілік соғыстардың, сондай-ақ сталиндік саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына арналған ескерткіш-белгілер, монументтер орнатылған.

Есік өңіріндегі 100-ден астам сақ дәуірінің қорғандары мемлекеттік қамқорлыққа алынды. Аудан тарихындағы әлеулі оқиғалардың бірі — 1963 жылы шілдеде Есік тасқын су әсерінен шайылып кетті. 1930 жылдың шілде айынан "Еңбекшіқазақ", 1999 жылдың мамыр айынан "Иссык" газеті шығады. Есік қаласынан облыс ортығы — Талдықорған қаласына дейінгі қашықтық 340 км, ал Алматыға дейін 55 км.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Барақ хан

  • Наурыз 13, 2026

    Қабанбай батыр

  • Наурыз 11, 2026

    Қытай

  • Сәуір 03, 2026

    Қан плазмасы

  • Сәуір 05, 2026

    Атмосфералық жауын-шашын

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары