| Әбдімомын Желдібаев | ||||||||||
| ||||||||||
| Негізгі ақпарат | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 5 қыркүйек 1937 | |||||||||
| Туған жері | Шу ауданы, Жамбыл облысы, КСРО | |||||||||
| Қайтыс болған күні | 12 сәуір 2024 (86 жас) | |||||||||
| Мемлекет |
| |||||||||
| Мамандықтары | композитор, домбырашы, күйші | |||||||||
| Аспаптары | домбыра | |||||||||
| Жанрлары | күй | |||||||||
| Марапаттары |
| |||||||||
Әбдімомын Желдібаев (5 қыркүйек 1937; Шу ауданы, Жамбыл облысы — 12 сәуір 2024) — қазақтың атақты күйші-композиторы. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. "Ерке сылқым" күйінің авторы.
Өмірбаяны
- Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
- Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.
- Бірде күйшінің Түркістан газетіне берген сұхбатында күй туралы былай деген еді:
Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар.— Әбдімомын Желдібаев. Түркістан газеті
Шығармалары
Композитордың "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері құрметті атағының иегері.
- Парасат ордені
- Құрмет ордені
- Н. Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері.
- 2011 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігне 20 жыл" медалі
- 5 қыркүйекте туғандар
- 1937 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Шу ауданында туғандар
- 12 сәуірде қайтыс болғандар
- 2024 жылы қайтыс болғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Достық орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалінің иегерлері
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл медалінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Күйшілер
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері



