| Ванкувер ағылш. Vancouver Island | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 31 285 км² |
| Тұрғындар (2011 жыл) | 759 366 адам |
| Халық тығыздығы | 24,273 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 49°36′32″ с. е. 125°38′52″ б. б. / 49.60889° с. е. 125.64778° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°36′32″ с. е. 125°38′52″ б. б. / 49.60889° с. е. 125.64778° б. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Тынық мұхит |
| Ел | |
| Аймақ | Британдық Колумбия |

Ванкувер аралы — Тынық мұхитта, Солтүстік Американың батыс жағалауларындағы ең ірі арал. Құрлықтан бұғаз, шығанақтармен бөлінген. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 500 км-ге созылған, ені 65 — 70 км. Аумағы 32,2 мың км². Арал түгелге жуық биікт. 2200 м-ге дейінгі тау жотасынан тұрады. Батыс жағалауы фьордты, шығысы жазық келеді. Жер бедерінің қалыптасуында мұздық пішіндердің басымдығы байқалады. Климаты қоңыржай теңіздік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-дей. Аралда түгелдей қылқан жапырақты орман өседі. Балық ш. дамыған. Басты қаласы әрі порты — Виктория. Ағылшын зерттеушісі Дж. Ванкувердің есімімен аталған.
- Алфавит бойынша аралдар
- Британдық Колумбия аралдары
- Тынық мұхит аралдары