Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әбдірахман-и Тали (өзб. Abdurraxmon-i Toli; 1680–1740) — Бұхара хандығы дәуірінің астрологы, ақыны және тарихшысы.

Әбдірахман-и Тали

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Туған күні

1680 (1680)

Туған жері

Бұхара

Қайтыс болған күні

1740 (1740)

Қайтыс болған жері

Бұхара

Азаматтығы

Бұхара хандығы

Ғылыми аясы

тарих

Жұмыс орны

Бұхара

Несімен белгілі

Ғалым

Әбдірахман-и Тали (өзб. Abdurraxmon-i Toli; 1680–1740) — Бұхара хандығы дәуірінің астрологы, ақыны және тарихшысы.

Өмірбаяны

​Бұхаралық астролог Әбдірахман Дәулет, әдеби лақап аты Әбдірахман-и Тали (яғни «Туып келе жатқан шырақ», «Бақыт жұлдызы», «Бақыт») Әбілпейіз ханның сарай қызметкері Әбділла құсбегіге жақын болған. Ол 1680 жылы Бұхарада дүниеге келген.

​Бастауыш білімді Бұхарада алған.

Әбдірахман-и Тали Аштархан әулетінен шыққан өзбек билеушілері: II Ұбайдулла хан мен Әбілпейіз ханның сарайында қызмет еткен.

​Оның басты еңбегі — «Әбілпейіз хан тарихы» Бұхара тарихшысы Мир Мұхаммед Амин-и Бухаридің «Ұбайдулланаме» атты еңбегінің жалғасы болып табылады. Шығармада XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Бұхара хандығының саяси тарихы туралы мәліметтер келтірілген. Бұл еңбек II Ұбайдулла ханның мұрагері әрі інісі Әбілпейіз ханның (1711–1747) билік құрған алғашқы он төрт жылының көрінісін береді және Мир Вафа-йи Керминегидің Аштархан әулетінің ақыры мен алғашқы Маңғыттарға арналған «Хан тартуы» («Тухфа-йи хани») еңбегіне қосымша болып саналады.

Қайтыс болуы

​Әбдірахман-и Тали 1740 жылдан кейін қайтыс болды.

Әдебиет

  • Анке фон Кюгельген, Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). Алматы: Дайк пресс, 2004
  • Абдуррахман-и Тали'. История Абулфейз-хана. Перевод А.А.Семёнова. Ташкент. Изд. АН УзССР. 1959
Жоғары